Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
14 дней назад

Матенов Спартак Шайхисламович

учитель физической культуры

Казахстан ГУ "Средняя школа №11" отдела образования акимата города Костаная

Материалов: 11

Просмотров: 1315

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Физ. культура и здоровье
Инфоурок / Сайты учителей / Матенов Спартак Шайхисламович

1.Түсінік хат 1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 2. География пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың бойында ғылыми- жаратылыстану білімдерін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы жайлы, саналы бірлестігі бар ғажайып ғаламшар ретіндегі Жер туралы түсініктері пен көзқарастарын дамыту. Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы дамыту. 3. Пәнге оқытудың міндеттері: 1) география ғылымы және Жер туралы серіктес ғылымдардың негізін меңгеру, табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарастың қалыптасуы; 2) табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгеру; 3) қазіргі дүниежүзілік дамудың негізгі бағыттарымен, экономиканың және қоғамның дамуы барысында туындайтын жеке бір аймақты, сол сияқты барлық дүние жүзін қамтитын проблемаларды және сұрақтарды оқып-білу; 4) оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдау, аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын және өз білімін арттыруға, дамытуға талпынушылықты қалыптастыру; 5) географиялық, саяси, экономикалық, басқа да ғылыми және әдістемелік ақпаратты, карталарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, ғаламторды, білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана білу дағдыларын дамыту; 6) өз өмірі және әрекеті барысында географиялық білімді тиімді пайдалана білуі үшін білім, дағды және шеберлікті меңгеру; 7) жоғары отансүйгіштік сезімге, Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйлауға тәрбиелеу, белсенді өмірлік көзқарас қалыптастыру. 4. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар бөліп көрсетілген. 5. Пәнаралық байланыстар: 1) математикамен, масштабты, бұрыштың көлемі және оны өлшеуді, компаспен жұмыс істеу, көкжиек тұстарын анықтау, орташа көрсеткіштерді және амплитуданы есептеуде, жазықтықтағы координаттарды есептеу, параллельдік және перпендикулярлық тура сызықтар жайлы, қаржылық сауаттылықты дамыту, нарықтық экономиканың қызмет атқаруы, қазіргі кездің биржа қорлары, капиталдың акционерлік формалары және экономиканың түрлері туралы, есептеуге арналған практикалық жұмыстарды орындау, карталармен, сызбалармен, кестелермен, графиктермен, диаграммалармен жұмыс істеу барысында; 2) химиямен, пайдалы қазбалардың, топырақтың пайда болуы жайлы, конструкциялық материалдар шығару кешенін оқу барысында; 3) физикамен, жер қыртысындағы литосфералық плиталардың қозғаласы, сейсмикалық және жанартау атқылау құбылыстары жайлы, атмосфералық циркуляция және мұхит суы қозғалысы, булану, ылғалдану коэффициенті, циклон, антициклон жайлы, ауа райын бақылауға арналған құралдарды қолдану, машина жасау кешені тақырыбын оқу барысында; 4) биологиямен, өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасының жағдайына, өсімдік және жануарлар әлемінің маусымдық құбылыстарына тәуелділігі жайлы, табиғат зоналары, топырақ, жануарлар дүниесі және оның дамуының ғаламдық маңызы жайлы, табиғат кешендері мен олардың адам әрекетінің нәтижесінде өзгеруі жайлы, агроөнеркәсіптік кешен тақырыбын, геохронологиялық кестені оқу барысында; 5) тарихпен, «Саяси карта және халықтар» тақырыбын, халықтар мен мемлекеттерді сипаттайтын тарихи деректерді қолдану, материктерде халықтардың орналасуын, отарлау дәуірі туралы, отарлық державалардың өз меншігіне қарасты саясаты туралы, «Қазақстан аумағының зерттелу тарихы» тақырыбын оқу барысында; 6) әдебиет және музыкамен, қазақ, қазақстандық, орыс, кеңес одағының ұлы ақындарының, жазушыларының және сазгерлерінің шығармаларын, музыкалық шығармаларды, әндерді, әндердің үзінділерін пайдалану барысында; 7) сызумен, жер бедерінің кесіндісін, диаграммалар сызу, кескін картаны толтыру барысында; 8) технологиямен, Қазақстанның және дүние жүзінің жекелеген аумақтарындағы халықтық, ұлттық қолөнерді оқу барысында.

  • 11 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх