Молдаханова Жаңыл Нурихановна – бірінші санаттағы география және биология пәнінің мұғалімі.
Педагогикалық өтілімі – 34 жыл.
1 деңгей бойынша сертификатталған мұғалімнің
Жетістіктері: Алматы облысының білім басқармасының грамотасы. «Дарынды балалар- Қазақстанның болашағы» энциклопедиясына мұғалім жетістіктерімен енгізілді.
Текелі қалалық білім бөлімінің мақтау қағазы,қала әкімінің мақтау қағазы.
Мұғалімнің кәсіптік келбеті:
Молдаханова Жаңыл Нұриханқызы – қазіргі заман талабына сай жаңаша ойлау дағдысын қалыптастыра білетін, оқушылардың талабы мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын, кәсіби білімі терең, шығармашылық ізденістегі тәжірибелі ұстаз. Жаңыл Нұриханқызы білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білімін кеңейтуді, күрделендіруді және тереңдетуді көздейді.
Жаңалыққа сергек қарайтын, қоғамның даму деңгейінен көрінетін ұстаз өз тәжірибесінде жас ұрпақты бүгінгі күн талабына сай жаңаша оқытудың технологияларын: Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» негізінде деңгейлеп саралап оқыту,В. Шаталовтың тірек сызбаларын сабақ ерекшелігіне қарай жүйелі қолданады.
Ұстаз өз тәжірибесінде жас ұрпаққа оқушының мотивациясы мен белсенділігін қалыптастыруда, танымдық қызығушылығы мен шығармашылығын дамыту мақсатында электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны пайдаланады.
Тәлімгер ұстаздың « Жүректің жұмысы» тақырыбында биология пәнінен өткізген ашық сабағы 2012 жылы « Білім шапағаты» газетіне, географиядан « Айналаны бағдарлау» тақырыбындағы сабағы Қобдикованың жинағына енгізілді.2014 жылы «Дарын» ғылыми жобадағы «Текелі қаласының топырағының құрамы» тақырыбындағы оқушының ғылыми жобасы қаладан І орын, облыстан ІІІ орын алып, Алматы облысының білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
ҰБТ- ға дайындауда білім сапасы биологиядан 87%, географияпәнінен 100%.
Адресі:
Алматы облысы Текелі қаласы Сатпаев көшесі 50№1 ОМ МДШО –мен ММ Телефон/факс (872835) 5-20-33е-mail: @mail.ru,