Мақалалар

"Білім көзі - кітапта"

Адамды рухани қанаттандыратын – кітап.Кітап оқысаң,өмірлік азығың.

«Білгенге маржан – білмеске арзан» - деген ұлы сөз кітаптың қаншалықты құндылығын білетін адамға ой салары анық. Кітап оқыса,оқушының шығармашылық ойы мен қиялы жетіледі. «Білім-көзі кітапта»- атты саяхат сабағымыз,оқушылардың қоржынына біраз құнды нәрсені салғанына көзіміз жетті.

Біздің мектеп - гимназиясының оқушыларымен жасаған саяхат сабағымыз,өте қызықты өтті. Мектептің 2 «ә», 3 «ә» - сынып оқушылары сынып жетекшілері Мухамеджанова С.С. және Ғаббасова А.Н. саяхаттап бардық.Кітапханаға баратынымызды естіген оқушылар қуанды.Біздің саяхат сабағымыз кітаптың туған күніне қарсы ұйымдастырдық. Бұл саяхат сабағы арқылы оқушыны аз да болса, кітапқа және кітапханаға баруға қызықтыру.Қазіргі таңда оқушының кітапқа деген қызығушылығы біршама төмен екені белгілі. Кітапханаға оқушылар түрлі үй тапсырмаларын берген жағдайда барып,өздері қажетті ақпараттарын жинайды. Ал өздігінен баратын оқушылар саны аз.Оған қазір оқушыларға қолжетімді болып отырған түрлі ақпарат көздері барының ықпалы тиіп отыр. Көркем әдебиет бояулары арқылы баланың тілі,сөйлеу мәнері, шығармашылығы артады.

23 - сәуір Кітаптың туған күні.Осы күнді ескере отырып,кітапханаға саяхат жасауға бел будық.Ең бастысы оқушылар кітапты құттықтауға өлең жолдарын,өздерінің сыйларын даярлады. Әсем безендірілген акт залында Кітапханашы Жахина Баян Серікқызы және Балалар оқу бөлімінің меңгерушісі Аманжолова Қайырбай Жарқынқызы бізді қарсы алды.Кітап рөлін сомдаған Баян Серікқызы оқушылармен тез тіл табысып,түрлі сұрақтар қойды. Кітапты қалай күтіп ұстау қажеттігіне дейін айтып өтті.Оқушылар кітапқа өздерінің тілектерін білдіріп,тілек парақтарына жазды.

Қайырбай Жарқынқызымен оқушылар түрлі тақырыпта жұмбақтар шешіп, кітап туралы әңгімелесті. Сонымен қатар, биыл Жеңіске 70 жыл тақырыбын да ұмыт қалдырмай,соғыста ерлік көрсеткен аға-апалар туралы және де біздің жерлес ардагерлер туралы айтып берді. Жеңіс күніне оқушылар Жеңіс күні, Мәншүк, Әлия,

т.б. тақырыпта өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Киелі кітап ордасында бізді қарсы алып,осындай мереке ұйымдастырып берген кітапхана қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.