Инфоурок / Сайты учителей / Мухаметжанова Замзагуль Кудайбергеновна

Мухаметжанова Замзагуль Кудайбергеновна

  • Учитель
  • школа гимназия им Абая
  • Казахстан
  • 24.01.1972

Категории по интересам:

Не деу керек? Буын Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мәні: Оқушыларға буын және сөзді буынға бөлу туралы білім беру. ә) Дамытушылық мәні: Оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой - өрістерін, тілдерін дамыту. б) Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілік пен кішіпейілділікке тәрбиелеу. Сауатты, мәнерлеп оқу мен көркем жазуға баулу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қималар, ойыншықтар, қима бауырсақтар Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. 1 - 2 - 3 Бойға жинап күш Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз!. 2. Үй тапсырмасын сұрау. 1/ «Көрші атам» өлеңін жатқа айту. Сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіңдер? 1 - мұғаліммен 2 - үлкен атамен 3 - досымен /ер балалар бір - бірімен, қыз баламен/ 3. Жаңа сабақ. - Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ма? Ендеше балалар, бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа барайық. - Бауырсақ ертегісін білесіңдер ме? - Ертеде шал мен кемпір болыпты. Шал кемпіріне бауырсақ пісіріп береді, оны суытуға терезенің алдыны қояды. Бауырсақ домалап қашып кетеді. Домалап қашып келе жатса алдынан қоян шығады. Қоян бауырсақты жегісі келеді. - Қане балалар, бауырсақты қояннан құтқарып алайық. Мына тапсырманы орындасақ, қоян бауырсақты жемейді. 1. «Ой қозғау» 1. Табада бар, -------------- 3. Қылда бар, Танада жоқ. ----------------- Жүнде жоқ Сабада бар, ----------------- Жылда бар, Санада жоқ. (Б) ------------ Күнде жоқ /Ы/ 2. Дабылда жоқ, ----------- 4. Нарда бар, Дауылда бар. --------------- Қарда жоқ Далада жоқ, ----------------- Нанда бар, Ауылда бар. (У) ------------- Майда жоқ /Н/ Жаңа сабақтың тақырыбы: БУЫН деген сөз шықты. Ережені түсіндіру. Балалар буын деген сөзді бұрын естідіңдер ма? - Әліппеде дауысты, дауыссыз дыбыстарды өткенімізде сөздерді буынға бөліп үйрендік. Сөздің буынға бөлінуі неге байланысты? Ереже. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Сурет бойынша сөздерді буынға бөліп үйренейік: Күн, ай. кі - тап, ба - ла - лар, ба - ла - пан, ал - ма. - Жарайсыңдар, енді бауырсақты қояннан құтқардың оны әрі қарай шығарып салайық. - Бауырсақ әрі қарай домалап кетті. Алдынан қасқыр шығады, бауырсақты жегісі келеді. - Балалар, бауырсақты қасқырға жегіземіз бе? Ендеше тапсырманы орындайық. Дәптермен жұмыс 58 - жаттығу 1. Сөздерді буынға бөліп жаз 2. Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атаңдар Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен Өте жақсы, балалар бауырсақты қасқырдан құтқарып алдық. - Бауырсақ орманда әрі қарай домалап келе жатса, алдынан не шығады? - Аю шығады. Балалар, аюға бауырсақты жегіземіз бе? Ендеше аюдың тапсырмасын орындайық. 59 - жаттығу Аюдың тапсырмасы. 1. Мақал - мәтелдерді оқыңдар. 2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын бар. Бауырсақты аюдан құтқардық, өзіміз бір сергіп алайық. Сергіту сәті Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп - теріп аламыз Қалтамызға саламыз Кішіпейілдік - кісілік белгісі /сурет бойынша жұмыс/ «Жалғасын тап»ойыны «Не істеуге болмайды?» - үлкендердің алдын.................../кесіп өтуге/ -- кішкене баланы....................../жылатуға / - құстарды................................/атуға/ - сабақтан................................./кешігуге/ - сыныпта................................../айқайлауға/ «Не істеу керек?» - үлкен кісіні........................./сыйлау керек/ - үлкеннің тілін..................../тыңдау керек/ - үлкендерге........................../жол беру керек/ - кішілерді............................./қорғау керек/ - оқу құралдарын............................/ұқыпты ұстау керек/ - Балалар бауырсағымыз әрі қарай домалап, алдынан түлкі шығады. Түлкі өте қу менде бауырсақты құтқаруға көмектесейін. - Өлеңді авторымен таныстыру. - Не деу керек? Ә. Дүйсенбиев - өмірімен таныстыру. Мұғалім: Ә. Дүйсенбиев - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында 1931 жылы дүниеге келген. Ол «Балдырған», «Жалын»журналдарының хатшысы болып жұмыс істеген. Балаларға арнап көптеген Гүлзар, Парадта, Не деу керек?, Қызғалдақ, т. б еңбектер жазған. Түлкінің тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс Өлеңді мәнерлеп оқыту. Өлеңдегі сұрақтарға жауап беру.. 1. Рахмет 2. Кешіріңіз 3. Рұқсат па? 4. Енді қайталамаймын Қорытынды бөлім: - Балалар, бізге қонаққа келген аңдарға сыйлық сыйлайық. Қоянға - сәбіз Қасқырға - сүйек Аюға - бал Түлкіге - балық Әрбір сыйлық артында жасырынған сұрақтарға жауап беру. Сәбіз - Балалар сөзінде неше буын бар? Балық: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ата. Сүйек - Бейбітшілік сөзін буынға бөл. Дауысты дыбыстарды ата. Бал:- Сөз буынға қалай бөлінеді. Ережені қайтала. Үй тапсырмасы: Өлеңді мәнерлеп оқу, мақалды жаттау Бағалау. Сабақ барысында әр бөлімде жауап берген оқушы қорапшадан бауырсақ жинау арқылы өз - өздерін бағалайды.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 3
  • Просмотры: 623
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0