Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
10 дней назад

Мустафаева Сандугаш Абдыгалыковна

Учитель казахского языка

Казахстан С.Ш. Карашокы

Материалов: 5

Просмотров: 1546

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Мустафаева Сандугаш Абдыгалыковна

Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы". Н. Ә. Назарбаев Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы, мол рухани жан дүниесіне үңіле білу деп адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады. Сондай үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар ғұмырын ұстаздық саласына арнау әрбір адамның қолынан келе бермес іс. Неге екенін, ата - анамның айтуынша, бала кезімде түрлі ойыншықтармен ойнаудан гөрі қолыма қағаз, қалам алып ағай болып ойнаудан жалықпайды екенмін. Осы арман мектеп қабырғасында жүргенде - ақ басты мақсатыма айналды да, мұғалім болуды риясыз жақсы көрдім, жан – жүрегіммен шын қаладым. Ұстаз... Жай ғана қарапайым сөз... Осы қарапайым ұғымның әрбір адамзат жүрегінен орын алатыны, тек қана орын алып қана емес, оның өмірлік ұстанымының, дүниеге деген көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз. Халқымыздың біртуар перзенті, қазағымның маңдайына сыймай кеткен нар тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлы: "Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады. Олар - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек" десе, ұлы Абай "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда адам боларсың елден ерек" деп толғаған. Міне, осы Абай мен Шәкәрімнің үндесе айтқан пікірлері ұстаз хақында айтылған секілді. Себебі, осы қасиеттер өз бойынан табыла отырып, оны ұрпақ бойына дарытатын да, дамытатын да ұстаз. Яғни, ұстаз - мемлекетіміздің бірінші байлығы деп саналатын халықтың, ұрпақтың санасын қалыптастырушы, мол жауапкершілік пен қоғамның ауыр жүгін арқалаған тұлға.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх