Назарханова Гульжан Аскаровна

  • педагог-психолог
  • КГУ Шариптогайская основная школа
  • Казахстан
  • 03.06.1986

Категории по интересам:

Мен Назарханова Гульжан Аскаровна.ШҚО Кокпекті ауданы Шариптоғай негізгі орта мектепте педагог-психолог қызметін атқарам. «Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер» З.Фрейд. «Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры. Бұл қандай мамандық ? Болашақта қандай мамандықты таңдасам? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Ол әлем – психология әлемі – жан туралы ғылым . Қазақта «жан ғылымын» ерте меңгерген. «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» деген сөзде үлкен мағына мен мән бар. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын психолог маман емдей алады. Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, ойды танып, дұрыс жол сілтей білу, адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды. Психолог, ол кім? Психолог-өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін ізгі жан. Психолог – өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің жан – дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог – жәрдемші, психолог – көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан – дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа іздейді. Міне, осыншама жақсылық атаулыны жүрегіне, ақылына, санасына шоғырландыра алатын ізгі жан иесі психология мамандығын таңдауымның басты себептері осындай. Себебі мен адамдарға жақсылық жасағанды бар жан-дүниеммен қаладым. Жақсы психолог болу үшін не қажет? Ең алдымен терең білім, еңбек, дәлдік, ұқыптылық, бастамашылдық, қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік. Бұл қасиеттер кез-келген мамандық иесіне тән емес пе? Әрине солай. Ал, психолог мамандығы бұдан да гөрі зор қасиеттерді талап ететінін еңбек ету барысында сезініп, білудемін. Ең маңызды қасиет ол мәселені шығармашылықпен шешетін терең интуицияның болуы. Психолог-басқа адамның мәселесіне еніп, түсіне отырып, өзі бірақ бұдан зардап шекпейтін мықты тұлға. Өз өмірін тәжірбие ретінде қолданбайтын, әр нәрсеге обьективті түрде қарай алатын, өзгелермен бірге қуана да, қайғыра да алатын терең эмоционалды, жоғарыда айтқандай бірақ өзі бұдан зардап шекпейтін жан. Қазір мен мектепте психолог бола жүріп, әрбір күн сайын , кездесетін қиыншылықтар мен проблемаларымен бетпе-бет кездесіп өз білімімді шыңдау, іздену үстіндемін. Бұл мен үшін психология мектебі. Қоғам дамуының қозғаушы күші – адам. Яғни қоғамдағы жетістіктер бірінші кезекте адамдардың интеллектуалдық белсенділігіне байланысты, тәуелді. Сол үшін де осы жаһандану дәуірінде бәсекелестікке шыдай алатын, өз мамандығын жетік меңгерген, бастаған ісін орындауға табандылық көрсете алатын, мемлекеттің тірегі бола алатындай тұлғаларды қалыптастыру оқу орындарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі болып отыр. Экономиканың, ғылым мен техниканың, ақпараттық технологияның даму қарқыны адам тәрбиесін қадағалау, реттеу, жүйелей басқару мәселесінде көптеген қиындықтар туғызуда. Осындай жағдайда психолог мамандардың жауапкершілігі бірнеше еселеп өсетінідігі айтпаса да түсінікті. Мен жұмыс барысында көптеген психолог – ғалымдардың, ойшылдардың еңбектерімен танысып, халқымыздың ұлттық тәрбиесі негіздерінде бүгінгі психологтар қажетіне жаратар көп қазына бар екендігіне көзім жетті. Шығыстың аристотелі атанған ұлы бабамыз Әл – Фараби “Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы” деп көрсеткен. Бала тәрбиелеу өте қиын, жауапкершілікті үрдіс екені белгілі. Барлық ұстаз білім мен тәрбиені қатар алып жүруі керек. Бұл мақсатта әсіресе психолог мамандарға үлкен міндеттер жүктелген. “Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың” деген халық сөзіне сүйене отырып, әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой – өрісі бар, компютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын. Мені қоғамдағы басты проблемалардың бірі – жасөспірімдер мәселесі қатты толғандырады. Олардың ішкі жан күйзелісін түсіне отырып, заманның індетіне айналған «суицид» ауруымен күресіп, өскелең ұрпақты осы бір әбжыланның уытынан құтқарғым келеді. Соңғы кездерде психолог мамандығына қажеттілік көбірек туындап отыр. Бұл немен байланысты? Мұның себептері көп, көмекке жүгінген әр адамның-біреуі жалғыз және оның қайғысына ортақтасып, қуанышына бөлісетін ешкімі жоқ, енді біреуі шынындада көмекке зәру. Қалай болғандада психолог көмегіне адам жүгінді. , яғни себебі бар. Психологтың жұмысы осы себепті табу, онымен тіл табыса отырып жұмыс жасап, оны жою тәсілдерін қарастыру. Халқымыздың көне заманнан келе жатқан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзін ұмытпауымыз керек.Баланың бақытты болуы, жақсы азамат болғаны, ең алдымен, ата – анаға байланысты. Бірақ ата –ананың бәрі бірдей ұстаз емес, бәрі бірдей психолог емес. Оның үстіне толық емес отбасылар,қараусыз балалар,ата-ана мейіріміне зәру балалар қоғамда көбейіп отыр. Психолог маман аса сезімтал, ерекше жанашыр, мықты шыдамды болу арқылы шәкіртінің сырына бойлай алады. Айталық: Егер мен бір шәкіртімнің қатты жасық, жасқаншақ екенін анықтап шықсам, оны «шалқайғанға шалқай, ол атаңның ұлы емес, еңкейгенге еңкей, ол атаңның құлы емес» деген қағиданы санасына сіңіріп, оның ешкімнен кем емес екендігін, жұртпен бірдей екендігін дәлелелдеп, жігерін ұштап, өзін-өзі тануына, қабілетін жетілдіруіне бар мүмкіндігімді жұмсаймын. Егер бала өзімшіл, қызғаншақ болса, «кең болсаң кем болмайсың» деп, халқымыздың ұлттық тәрбиесі қонақжайлық, мәрттік, жомарттық жағдайларына қатысты қызықты әңгіме, жыр, қазақ би шешендерінің айтқандарын баяндау арқылы оның көпшіл болуына жол ашамын. Жантанушы ретінде толық адамға айналар тұлғаға жол көрсетер жан болғаныма қуанамын. Сондықтан мен өз мамандығымды қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көрем және жақсы психолог болу үшін барлық ерік –жігерімді сарп етуге әзірмін.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 5
  • Просмотры: 4617
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0