Мұғалім-мәртебелі мамандық.Жас ұрпақты тәрбиелі,саналы,білімді,дені сау етіп тәрбиелеуде еңбек етіп келемін. Мамандығымды ерекше сүйіп қадірлеймін. осы ұзақ жылғы ұстаздық тәжірибемде көптеген шәкірттерім еліміздің түкпір-түкпірінде сан-салада еңбек етуде. Ең алдымен дені сау,мықты болып өсуіне назар аударамын. Дене шынықтыру пәні бойынша салауатты өмір салтын ұстануда әртүрлі жұмыс түрлерін қолданамын. Сабақ үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану оқушыларды шапшаңдыққа, жинақылыққа,жауапкершілікке жетелейді. Қабілетті оқушылармен жеке дайындық жұмыстарын жүргізу арқылы қалалық спорт жарыстарына қатыстырып, жүлделі орындарды иеленіп жүрміз.Жас мамандарға көмекші ретінде әдістемелік құрал,сабақ әзірлемелерін дайындап,бірлестік отырыстарында талдап отырамыз.
Мұғалім-мәртебелі мамандық.Жас ұрпақты тәрбиелі,саналы,білімді,дені сау етіп тәрбиелеуде еңбек етіп келемін. Мамандығымды ерекше сүйіп қадірлеймін. осы ұзақ жылғы ұстаздық тәжірибемде көптеген шәкі...