Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
2 месяца назад

Нурмаксутова Гулбану Тынышбековна

Химия биология пәні мұғалімі

Казахстан Жамбыл ауданы Т.Рысқұлов атындағы ОМ

Материалов: 7

Просмотров: 1629

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: Химия
Инфоурок / Сайты учителей / Нурмаксутова Гулбану Тынышбековна

Әлемде химия өнеркәсібіне арқа сүйеп дамуға тиісті екі мемлекет болса - бірі, біреуі болса соның өзі - біздің Қазақстан. Олай дейтін себебіміз елдің өндірістік және экспорттық әлеуетінен-ақ байқалады. Айталық, біздің өндіретініміз де, экспорттайтынымыз да негізінен, шикізат. Оның ішінде тіпті алғашқы өңдеуден өтпеген күйінде шетелдер асып кете баратындары қаншама. Мәселен, мұнай сол күйінде, металл кен топырақ қалпында миллиондаған тонналап болмашы тиын-тебенге кетіп жатыр, кетіп жатыр... 2010-2020 жылдарға арналған индустриялы-инновациялық даму бағдарламасында Елбасымыз өңдеу ұқсату салаларына басым­дық бере отырып, қосымша құны мол тауарлы өндіріс құру туралы ойын күн тәртібіне шығарды. Орын­ды-ақ! Мінеки, осындай та­ма­ша бағдарлама тек қана өн­ді­ріске химия ғылымының тікелей араласуы арқылы оң нәтиже бере алады. Сондықтан біз еліміздегі хи­мия ғылымы мен химия өнер­кәсібінің жағдайы кеше қалай еді, бүгін не істеп жатырмыз, ертеңнен қандай үміт күтеміз деген сұрақ­тарға осы мақалада жауап бермек­піз. Әлқисса, отандық химия өнер­­­кәсібі уақыттың, халық ша­руа­­шылығының талабына орай бір­шама жақсы дамыды дей ала­мыз. Айтқандай, жерімізде тікелей хи­мия­лық шикізат қорының көп­теп табылуы да Одақтық басшы­лықты Қазақстанда химия өнер­кәсі­бін дамытуға итермеледі деу керек секілді. 1932 жылдың өзінде сол себептен де елімізде КСРО Ғылым академиясының сараптау лабора­то­риясы құрылған еді. Сол са­рапшы лабораторияда Қазақ­стан жерінде фосфорит, борат, натрий, калий сульфаты, магнезия тұз­да­ры бар екені және олардың қоры көп мөлшерде екені анық­талады. Осы тұста ұлттық ғылым «қайта өрлеу» дәуірінің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бас­таған кен барлаушылар тобы Ор­та­лық Қазақстан өңірінде әуелі мыстың, сонан соң басқа да ме­талдардың мол қоры бар екенін анықтайды. Шығыс Қазақстан­ның кен байлығы жайлы Ресей Ғылым академиясында көп мәлі­мет бар еді. Сондай-ақ кезінде Гурьев деп аталған бүгінгі Атырау аймағында бұдан әлдеқайда бұ­рын ағылшындардың мұнай өн­дір­гені де Мәскеуге белгілі. Де­мек, Қазақстанда химия ғылымын да­мыту қажет еді. Сол үшін де ең әуелі Қазақ мемлекеттік универ­си­теті құрылып, онда химия фа­культеті ашылды. Факультетте жұ­мыс істеген алғашқы кафедра­лар физикалық химия, органика­лық химия, органикалық емес зат­тар химиясы, сараптаушы хи­мия және катализдер деп аталды. Қарағандыда Химия металлургия институты жұмыс істей бастады. Гурьевте Мұнай химиясы инсти­ту­ты ашылды.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх