Оразов Еркеш Маратович

  • учитель истории
  • Ундрусская средняя школа
  • Казахстан
  • 23.08.1993

Категории по интересам:

Ұстаз адамның жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл һәм шешен болуы керек.Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс.- деп әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің айтқан сөзін педагогикалық іс-тәжірбиемдегі ұстанымым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан.Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Мұғалім мамандығын тандап, ең алғашқы да педагогикалық іс-тәжірбиемді кіндік тамған жерім Алқатерек орта мектебінде өтті. Ал қазіргі кезде өз мектебімде мұғалімдік жолды жалғастырып келемін. Менің түсінімдегі ұстаз-рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл өасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі-жылы,көңілі-дархан адам. Жас маман ретінде Алқатерек орта мектебінде 3 жыл жұмыс атқарып келемін. Педагогикалық іс-тәжірбиемнің жетілуі, әрине де ұлағатты ұстаздармен жұмыс істеп, әр уақытта да тәжірбиенмен алмасудын көрінісі.Мұғалім әр уақытта да ізденісте болуы тиіс.Қоғамымыздың дамуына сай жаңа инновациялық технологияларды кеңінен пайдаланып, бар білгенің оқушыларға білім арқылы жеткізіп отыруы тиіс.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктелген.Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұяалатқан ұстазын мәңгілік есіңде сақтайды.Нағыз мұғалім міне, осы.Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабәлетті болуының ең басты ошағы-ұстаз берген білімде. Осыған орай өзімнің жұмысымда ең бастысы оқушыларға сапалы білім мен тәрбие берудемін. Жан-Жак Руссоның «Ұстаз болу-өз уақытынды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.Ұстаз білгенің ұйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойына жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз-еңбегі ақталған ұстаз. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретінде негізгі ұстанымым:баланы тұлға деп тану,оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу.Ең бастысы оқушымен ұстаз арсындағы жылы ықыластын болуы. Ал мен оқушылардан осыны сезінемін.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 6
  • Просмотры: 3827
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0