Рахымжан Айнур Бакитбековна родилась 25.11.1979 года. Работает в Многопрофильном колледже "Улагат Кызылорда". Жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішіндегі ең саналысы адам екендігі ешқашан күмән тудырмайтын тұжырым. Санасының үздіксіз дамуы арқасында адам керемет жасампаз күш-қуатқа ие болды. Нәтижесінде адам табиғаттың жаратылысы бола отырып, оның билеушісіне, өзгертушісіне айналды. Қазіргі заманғы адам табиғаттан тәуелділігін айтарлықтай жұмсартып, өзі әлі де болса сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі екендігіне қарамастан, ол табиғаттан өзгерте алатындай дәрежеге жетті. Сондай күш-қуат адамда қайдан және қалай пайда болды деген сұраққа бір ғана жауап бар – ол құдыретті Еңбек! Классиктер айтқандай, адам өзінің қажырлы да мақсатты еңбегінің арқасында жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, қарапайым биологиялық тіршілік иесі болудан қалды. Адамның барлық жетістіктерінің қайнар көзі ақыр соңында еңбекке келіп тіреледі
Неліктен адам еңбек етуге мәжбүр? Күнделікті қарапайым өмірде жиі кездесіп жүрген «еңбек», «өндіріс», «экономика» деген ұғымдар нені білдіреді? Олар бір мағыналы ұғымдар ма, яғни синонимдер ме?
Бұл ұғымдар ұқсас болғанымен, мағынасы әртүрлі ұғымдар. Еңбек дегеніміз адамдардың саналы және мақсатты іс-әрекеті. Адам еңбекке кірісер алдында алдымен әрекеттерін ойластырып алып, мақсаттар жүйесін құрып алып, содан кейін сол мақсаттарға жетуге нақты қадамдар жасайды, яғни қажет нәрселерді өндіруге кіріседі.
Қарапайым ой тұрғысында адамдардың шаруашылық қызметін білдіретін «өндіріс» деген термин «экономика» деп айтылып жүр. Батыстың және ТМД елдерінде баспадан шыққан кейбір экономикалық әдебиеттерде де «экономика» мен «өндіріс» деген ұғымдар синоним ретінде қолданылып, ұғымдарды шатастырушылық орын алып отыр. Бұл екі ұғымды шатастыруға болмайды.
Өндіріс-адамдардың шаруашылық қызметі. Ол қажетті материалдық және материалдық емес игіліктердің процесі ретінде көне заманнан бастап орын алды. Ол заман «алғашқы қауымдық қоғам» деген атпен тарихтан орын алды. Сол кезеңде өндірістің қоғамдық сипаты болған жоқ, ол локальді түрде болды: бір ғана рудың немесе тайпаның көлемінен шыққан жоқ.