Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
5 месяцев назад

Рамазанов Ғабит Абатович

социолог

Казахстан ЖОББ Шипов мектебі

Материалов: 2

Просмотров: 1780

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Рамазанов Ғабит Абатович

Бұл өмірде ең қиыны - мамандық таңдау. Мен де жоғарғы оқу орнына оқуға тапсырар алдында көп ойландым. Кім боламын? Болашақта қандай қызмет атқарамын? Себебі менің мамандығым – ол менің болашағым десем де қателеспейтін шығармын. Оқушы кезімде үнемі ойыма аз қамтылған жанұялар, қорғансыз балалар түсетін. Сондай отбасыларға көмектескім келіп, жүрегімнің үніне құлақ түріп, қай кезде де қара шаңырақ болып қалыптасып кеткен мектебімнен орнымды тапқым келді. М.Өтемісов атындағы БҚМУ- нен мамандық түрлерін сұрастыра жүргенде, дәл ойымдағы жанұялармен тікелей жұмыс жасайтын, мектептер арасында жаңадан сұранысқа ие мамандықтың бірі “әлеуметтану” дегенде қуана құжаттарымды тапсырдым.Тезірек өз мектебіме келіп, басқа адам ретінде танылып, оқығанымды, үйренгенімді жұмысыммен дәлелдеп, көмеккке мұқтаж жандарға аянбай қолымнан келгенше көмектескім келді. 2013 жылдың қараша айынан бастап арманымның бір бөлігі орындалды десем де болады. Себебі мен 11 жыл оқуымды бітірген мектебіме өзім сүйіп таңдаған мамандығыммен жұмысқа орналастым. Менің жұмысым жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарайтын жұмыстың бірі. Мектептегі әр оқушы - менің ауылдасым, іні-қарындастарым. Менің жұмысымның негізгі мақсаты — оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Өскелең ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына жауапкершілікті, өз отанына деген міндет-борышын атқаруға, оның гүлденіп, өркендеуіне атсалысуына үйрету, өз тіліне, өзіне сүйіспеншілігін қалыптастыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор көрсету, табиғатты аялауға ықпал ету. Осы аталған мақсаттар кезегімен орындалып, әлі де жалғасын табу үстінде. Атап айтсам, 1 қыркүйек күні оқушыларды жылы жүзбен қарсылап, “ Мектепке жол “акциясы ұранымен аз қамтылған жанұя балаларына, көп балалы отбасы балаларына және де мүмкіндігі шектеулі жандарға жылы жүректі ауылдастарымыздың қолдауымен және мектеп ұжымы қаражатынан киім-кешек, оқу-құралдарды сыйға тартамын. Олардың ризашылығы менің көңілімді көкке көтереді. Ал, “ Қайырымдылық” акциясында “шын жүректен” ұранымен мүмкіндігі шектеулі жан Шарипов Бақтиярдың көптен бергі арманы болған “ноутбукты” ұжым атынан сыйладық. Осындай жандардың рақымына бөленудің өзі зор ғанибет деп ойлаймын. Жақсылық жасау – әр азаматтың парызы. Бақтиярдың қуанғанын көріп, анасы да мектеп ұжымына әлі күнге дейін алғысын жаудыруда. Мейірбандық күндері мүгедек балаларға ауылымыздағы шағын дүкендерінің басшылары Н.Рахимбердин мен Л. Аманайқызының демеушілігімен Қобыланды, Наргиза, Бақтиярға тәтті жемістер қоржынын ұсындым. Мүмкіндігі шектеулі жандар әрқашан өмірге құштар болады. Шын жүректерімен өмірді сүйеді. Мына әлемнен тосын сый күтеді. Олардың жүздеріне күлкі сыйлау неге менің қолымнан келмеске?! Жаңа жыл – әр баланың қиялындағы Аяз ата мен Ақшақарды тағатсыздана күту.Балалардың жанын жадырату үшін аудан әкімінің ұйымдастыруымен өткен шыршаға аз қамтылған жанұяның балаларын апарсам, мүмкіндігі шектеулі балаларды “Педагогикалық-психологиялық түзету орталығы” ұйымдастырған жаңа жылдық кешіне апардым. Аудан әкімінің жылы тілектері мен сыйлықтарына балалар мәз-мейрам болып, сыныптастарымен алған әсерлерімен бөлісті. Одан соң «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өз жалғасын тапты. Қыс мезгілі басталысымен үлкен кісілерге көмек қолын созу – менің әдеттегі жұмысым. Мектеп оқушыларын қасыма ерте жүріп, қариялардың ауласының қарын ашуға, үй жұмыстарына көмектесеміз. Бұл ісіммен оқушыларды еңбекқорлыққа, жанашырлыққа, үлкенге құрмет көрсетуге үйрету. Оқушылармен бастаған ісім әрқашан оң нәтиже береді. Қыс қызығын көру, асыр салып ойнау үшін балаларға мұз айдынын, сырғанақ тауын жасауға мектебіміздегі ер адамдарды, әкелер тобын біріктіріп жүзеге асырдым. Және алдағы уақытта мектебіміздің жанынан футбол алаңының болғанын қалап, демеуші іздеу барысында мектебіміздің 1987 жылғы түлегі, қазіргі ірі кәсіпкер А.С.Ахменкеев ағамызбен кездесіп , өз ұсынысымды білдірдім. Ол кісі менің ойымды мақұлдап, жұмыстың бір бөлігін жаз айында бастап кетті. Мұндағы негізгі мақсатым оқушылардың салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақыттарын тиімді өткізу. Алға қойған мақсаттарым өте көп. Солардың бірі қалмай бәрінің орындалуы – менің азаматтық борышым. Тек игі істердің иесі ғана болғым келеді.

  • 2 материала
Отбасындағы кикілжіңнің бала психологиясына әсері

Другое
Конспекты 05.05.2015 Просмотров: 923 Комментариев: 0

Бала өсе келе әр нәрсені көргісі, білгісі келеді. Қазақтың тәрбиесінде жоқ, болмайды деген сөздер жиі қолданылады, ол дұрыс емес. Мүмкіндік болса балаға жағдай жасау керек. Баланың бабын тапсаңыз, жылы сөзді аямасаңыз, онда бекерден-бекер ашуланбайды. Балаға керек ата-аналық махаббат болмаса, бала ата-ананың жан жылуын сезіне алмаса, ашуланшақ болады. Әке-шешесінің сауаттылығы мол болса, баласының жан-дүниесін айтқызбай ұқса, абайлап сөйлесе, ашуланшақ балалар болмас па еді?! Керісінше, отба...

Әлеуметтік педагогтің жеке портфолиосы

Другое
Презентации 05.05.2015 Просмотров: 858 Комментариев: 0

Бұл өмірде ең қиыны - мамандық таңдау. Мен де жоғарғы оқу орнына оқуға тапсырар алдында көп ойландым. Кім боламын? Болашақта қандай қызмет атқарамын? Себебі менің мамандығым ол менің болашағым десем де қателеспейтін шығармын. Оқушы кезімде үнемі ойыма аз қамтылған жанұялар, қорғансыз балалар түсетін. Сондай отбасыларға көмектескім келіп, жүрегімнің үніне құлақ түріп, қай кезде де қара шаңырақ болып қалыптасып кеткен мектебімнен орнымды тапқым келді. М.Өтемісов атындағы БҚМУ- нен мамандық түр...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх