Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

Рыскулбаева Арай Болатовна

Учитель английского языка

Казахстан "Абай ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ

Материалов: 5 Просмотров: 565 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Иностранный язык
Инфоурок / Сайты учителей / Рыскулбаева Арай Болатовна

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2015 - 2016 оқу жылының басталу мерзімі 2015 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасы. Оқу жылы барысындағы каникулдар: 1) 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2015 жылғы 30 желтоқсан – 2016 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2016 жылғы 21 наурыз – 1 сәуірді қоса алғанда); 2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2015 жылғы 28 желтоқсан – 2016 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2016 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда); 3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2016 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді. 2. 2015 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілсін. 3. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх