Информатика пәні мұғалімі Үркінбаева Гүлзира Садыққызы 1977 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылында дүниеге келген. Қарағаш орта мектебінің табалдырығын 1983 жылы аттап, 1994 жылы аяқтаған. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, 2009 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің “Физика-математика” факультетінің “информатика” мамандығы бойынша, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шықтым. 2009 жылы Бірлік орта мектебіне информатика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 2011-2012 оқу жылында “Үздік бірлестік-2012” байқауында ең үздік сабақ көрсетіп марапатталдым, “Жыл мұғалімі-2012” байқауында ІІ орынды иелендім. 2012-2013 оқу жылында Бірлік орта мектебі бойынша “Саламатты Қазақстан” бағдарламасы аясына өткен шанғышылар сайысында жекелей шанғы тебуге қатысқаны үшін, жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін марапатталдым. Аудандық “Алтын диск-2013” байқауының І орын жеңімпазымын. 2014 жылы екінші санатқа өттім. Аудандық пән олимпиадасына 2014-2015 оқу жылында 9 сынып оқушысы Жұмаділ Әділет жүлделі ІІІ орын, 2015-2016 оқу жылында 10 сынып оқушысы Ғазиз Ақзер жүлделі ІІ орын, 9 сынып оқушысы Ойшыбай Расул жүлделі ІІІ орындарды иеленді. “Білім көкжиегі” журналына “Paint графикалық редакторларының құралдары”, “Ақпараттық технология қазіргі білім беру жүйесінде” кітабіна “Word мәтіндік процессор. Word-тын графикалық мүмкіндіктері”, “Білім шапағаты” “Ғажайып информатика”, “Мұғалім мінбері” “Үзінділермен жүргізілген әрекеттер”, «Paint графикалық редакторы», «Тұсаукесерді безендіру» газеттерінде сабақтарым жарық көрді. 2014 жылы «Қазақстан Ұстазы» энциклопедиясына өмірбаяны мен еңбегім жарияланды.
Информатика пәні мұғалімі Үркінбаева Гүлзира Садыққызы 1977 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылында дүниеге келген. Қарағаш орта мектебінің табалдырығын 1983 жылы аттап, 1994...