Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Сабаева Шынар Кенжебековна

педагог-психолог

Казахстан КГУ "СОШ №18"

Материалов: 1 Просмотров: 91 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Психология
Инфоурок / Сайты учителей / Сабаева Шынар Кенжебековна

ТРЕНИНГ Тақырыбы: «Баланың 1-ші сыныпқа баруы» Мақсаты: Ата – аналарға 1- ші сыныпқа баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары және психологиялық ерекшеліктеріне тоқталу,сонымен қатар психологиялық кеңестерді айту. Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс Көрнекіліктері: шар, тренингке қажетті құрал - жабдықтар, интерактивті тақта. Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. «Сәлемдесу» жаттығуы Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру; Жаттығу барысы Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады. 2. Шағын дәріс (слайд түрінде) 3. Жағдаяттар шешу 1-жағдайдабаланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды. 2- жағдайда бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың! » немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді. • Кез келген шешімді қабылдауда асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайлы қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын. • Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сөйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. 4. Аяқталмаған сөйлем: – Егер баланы үнемі сынап отырса, ... – Егер балаға үнемі күлсе, ... – Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... – Егер бала төзімділікте өссе, ... – Егер бала адалдықта өссе, ... – Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... – Егер бала кекшілдікте өссе, ... – Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... Дұрыс жауаптары: – Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды). – Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді). – Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды). – Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады). – Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді). – Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды). – Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі) – Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді). 5. Сергіту жаттығуы «Тізеде отыру» Команда: жұмыс, сенім, ынтымақтастық Өзіңізден басқаларды дөңгелектеніп тұруды сұраңыз. Кейін барлығын келесі ойыншының арқасына қарайтындай оңға бұрылуын сұра. Барлығы алдында тұрған адамның иығына екі қолын қойсын. Сіз 1,2,3 деп санағаннан кейін барып, «отыр» сөзін айтуын түсіндіріңіз! Барлығы сіздің артыңызда 1,2,3 деп қайталап, «отыр» сөзін айтқаннан кейін алдағы ойыншының иығынан қолдарын алмай артындағы адамның тізесіне ақырын отыру керек. Бұл жаттығу қызықты және жақсы ынтымақтастықты тудырады. Бірақ та барлығы істей алатынына көз жеткізу қажет. Егер де сіздің тобыңыз мықты болатын болса, сіздер дөнгелек бойымен жүре аласыз және де жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады. Кейін ойыншылардан бұл жаттығуды орындаған кезде не сезгендерін сұраңыз. Олар бұл тапсырманы орындай алатындығын сұраңыз? Бұл шынайы өмір тәжірибесін суреттейді ме? (Есте сақтайтын жағдай: бұл жаттығуды сіздің тобыңызда өткізуге болады деп мақсат етіп шешім қабылдайсыз ба?) 6. Кінәлі сөздер 1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің. 2. Неге сен басқа балалардай емессің? 3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір. 4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың. 5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады. Дұрыс жауаптары: Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады: 1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек. 2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек. 3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек. 4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама». 5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда» және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек. Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. “Екі бақа” туралы аңыз: Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. 7. Қорытынды: • Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. • Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. • Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. • Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік! 8. Рефлексия Ата-аналар жапыраққа өз тілектерін, ойларын жазып ағашқа жабыстырулары керек.



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • 1 материал

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх