Салем достар! Менің аты-жөнім Садирова жулдыз. Туған жерім Атырау облысы. Негізі мен көп сөйлегенді ұнатпаймын, табиғатым да сондай айтатын сөзді өз уақытында дер кезінде айту керек деп ойлаймын.
Менің отбасымда 4 адам бар: әкем,анам,ағам және мен (кенжесі). Олар өздерінше жеке тұлға. Әкем мен анамды кездестірген осы сүйікті қала Алматы. Бір жерде оқып, бір жерде жұмыс істеп, екеуі бір отау құрған. Міне,сол кезден бастап 25 жылдан астам уақыт өтті. Махаббатары адал әрі берік, иншАллаһ)) Аллаһ олардың бақытын бізге де нәсіп етсін деймін! Ағам Данияр…салмақты әрі сабырлы адам. Ол да көп сөйлегенді ұнатпайды,артық сұрақ немесе артық жауап беру деген жоқ қой.Мен сірә ағама тартқам болса керек. Әкем екеуміздің ұқсас тұстарымызды айтсам , 1-ден бет әлпет келбетіміз ал 2-ден екеуміз де сурет салуды ұнатамыз. Ал Анама тартқан жерім жоқ,қызық. тек көздеріміздің әдемілігі ғана болмаса… негізінде ағам екеумізді қатты ұқсатып жатады,бірақ бізді қазақсын демейді татар әлде басқа да орыс деген сияқты ұлт өкіліне ұқсатып қояды..сол айтқан адамдармен әр кезде сөзге келіп жүремін! мен таза қазақпын деп, қаным да жаным да қазақпын деймін!
Салем достар! Менің аты-жөнім Садирова жулдыз. Туған жерім Атырау облысы. Негізі мен көп сөйлегенді ұнатпаймын, табиғатым да сондай айтатын сөзді өз уақытында дер кезінде айту керек деп ойлаймын....