Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
19 дней назад

Сагиндыкова Акмарал Игоревна

Психолог и учительница урока Самопознании

Казахстан Начальная школа №2

Материалов: 1 Просмотров: 76 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Сагиндыкова Акмарал Игоревна

Мақсаты: Наурыз мейрамы жайлы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету,оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп,имандылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу Көрнекілігі: слайдтар, наурызға байланысты нақыл сөздер. Мұғалім сөзі: Армысыздар ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті.Бүгін Ұлыстың ұлы күні.Ақ түйенің қарны жарылған күн.Наурыз -“Жаңа күн” деген сөз. Бұл күн - біздің ата-бабаларымыздың, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Олай болса, наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған “Ұлыстың ұлы күні - Наурыз” атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 1-ж: Уа, халайық, халайық, Ақ сандықты ашайық. 2-ж: Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық! 1-ж: Наурыз - көктем мерекесі. Наурыз - жыл басы. Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп. 2-ж: Наурыз - қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі. 1-ж: Наурыз - шаруаның мерекесі Наурыз - еңбек мерекесі 2-ж: Армысыздар, халайық, Бармысыздар, халайық Наурыз тойын жұп жазбай Жылда қарсы алайық. 1-ж: Ал, халайық, тұрмайық, Әндетелік жырлайық Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жылдан шашу шащайық! Ән «Наурыз - думан» 1 оқушы: Қыс кетіп қар кетті, Жырлайық жаз жетті Мейрамы ежелден Құтты болсын Наурыз! 2 оқушы: Әнім де саған, білім де Құт қонақ өзің үйімде Қуаныш сыйлар еліме, Күлімде, Наурыз, күлімде. 3 оқушы: Күн менен түн теңелді Жер шуаққа кенелді Қуанышта ел енді Наурыз келді салтымыз Көгерсін деп халқымыз, Көшеге тал егеді Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы – жыр - аңыз. 2-ж: Айтамын жарапазан есігіңе, Наурыз келе берсін қазағыма Ниетің Ұлыс күні қабыл болып Қолдауға Қыдыр келсін несібеңе, -д еп енді Қыдыр бабаны қарсы алайық. (Шырақ жаққан 7 жігіт Қыдыр атаның жолын тосады. Қыдыр ата атқосшысы Тазша баламен келеді. Шырағы бар 7 жігіт екі жарылып тұра қалып, басын иіп, қазақша көкірегіне қолын қойып, сәлем беріп қарсы алады). Қыдыр ата: Армысыздар, туыстар! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! (Қыдыр ата төрге барып отырады). 4 оқушы: Бір жігіт тұрып:”Жаңа жылымыз келді, халайық, құтты болсын!-деп жар салады. Әже: Ақ жаулықты әйел адам келіп халыққа жақын барып: О, Құдайым, көптен күткен жаңа жылымыз келді.Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке.Менің ұрпақтарымды аман ет, пәле - жаладан сақтай гөр,жамандық әрі кет, кет! - деп аластайды. Осылай деген соң Қыдыр ата тұрған жаққа жақын барып, тізе бүгіп, тағзым етеді. Қыдыр ата: Көсегелерің көгерсін айналайындар! Ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарын өте жақсы екен. Көп рахмет! Ал қандай қызық- тарың бар? Би 4 оқушы: Наурызым ғажап туысың, Ұлыстың ұлы күнісің. Жылыттың жердің жүрегін Жүрегі елдің жылысын. 5 оқушы: Наурыз - достық, Наурыз - күн, Барша халық бірлігі. Тағы келді Ұлыс күн Жалғасып ғалам тірлігі. 1-ж: 22-ші наурыз - күн мен түннің теңелетін күні. Ендеше күнмен түннің әңгімесін тыңдайық. Көрініс. Күн: Сәулесі мол күнмін Түн: Жұлдыз мол түнмін Екеуі:Бірдей болып біздер, Теңелеміз бүгін. Түн: Ал ертең күн ұзақ, Күн: Түн қысқарар бірақ Екеуі: Ұйқы қанбай қалып, Жүрмеңдер тек жылап. 2-ж: Туған соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ. Ұлт дәстүрін білмесек, Жұрт айтады надан деп. 1-ж: Тілім барда қазағым бар, халқым бар, Дәстүрім бар ата жолы,салтым бар. Кең даладай жиналмаған шалғайы, Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар. 1-ж: Білесің бе? Наурыз тойының өзіне тән ырым асы-Наурыз көже.Наурыз көжені қалай дайындайтынын әжеміз айтып бермек. Әже: Ашық болсын қас-қабақ Бейтаныс та,таныс та Бүгін төрде бас қонақ. Арпа,бидай,тары бар, Қатық,малта ағы бар Ішілетін,жейтіннің Бұл көжеде бәрі бар. ( Наурыз көже таратылады ) Ән немесе би. 2-ж: Ниет, ықылас білдіру Әр адамға аманат Ата - баба дәстүрі Батаны біл жамағат. 1-ж: Ата, ”Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер” деген халқымыз, мына отырған көпшілікке ақ батаңызды беріңіз. Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын Қайда барсаң жол болсын! Ұлыс бақты болсын, 4 түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін! Бәле - жала жерге енсін, Ұлы халқым тоқ болсын, Көйлектерің көк болсын, Бастарың аман болып, Уайым - қайғы жоқ болсын! Қуаныштарың көп болсын! Әумин! 2-ж: Қашанда құт береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібеңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! 1-ж: Құттықтау сөз кезегін Күнсұлу апайға, Райгүл апайларға, ата - аналарға береміз. Мұғалім: Құрметті көрермендер,бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты - ұлттық салт - дәстүрлеріміздің көнермейтінін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. “Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар”демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің салт -дәстүрлерінің жанашыры болатынына сенеміз! 2-ж: Осымен”Ұлыстың ұлы күні - Наурыз” атты тәрбие сағатымыз аяқталды.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • 1 материал

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх