Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

Сагингалиева Куралай Еркиновна

учитель начальных классов

Казахстан ЗКО Теректинского района Енбекской ОСОШ

Материалов: 5 Просмотров: 1159 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Сагингалиева Куралай Еркиновна

Жалпы ережелер 1. «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) компьютерлерді (дербес компьютерлерді, планшетті дербес компьютерлерді, ноутбуктерді) және бейнетерминалдарды орналастыру мен пайдалануды қамтитын физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, сондай-ақ микроклиматқа, жарықтандыруға және компьютерлер мен бейнетерминалдардың физикалық факторлары әсері кезіндегі жұмыс жағдайларына қойылатын талаптарды регламенттейді. 2. Осы Санитариялық қағидалар тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға, дербес компьютерлерге, планшетті дербес компьютерлерге, ноутбуктерге, телевизиялық ойын қондырғыларына, борттық компьютерлерге қолданылмайды. 3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды: 1) бейнетерминал (бұдан әрі - БТ) - пернетақта үлгісіндегі енгізу (кіру блогы) құрылғысымен жабдықталатын, дисплей экраны бар пайдаланушының терминалы болып табылатын бейнені көрсету құрылғысы; 2) дербес компьютер (бұдан әрі - ДК) - дербес пайдалануға арналған компьютер; 3) жұмыс беті - жұмыс жүргізілетін және жарық нормаланатын немесе өлшенетін бет; 4) қатармен орналастыру - жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында, бірінен кейін бірін қатар орналастыру; 5) ноутбук - дисплей мен пернетақтаны қоса алғанда, бір шағын корпуста барлық қажетті құрауыштарды қамтитын кітап түрінде жиналатын портативті ДК. Сымды және сымсыз желілерге қосылудың дамытылған құралдарын, құрастырылған мультимедиялық жабдықты (динамиктер, көбінесе микрофон және веб-камера) қамтиды; 6) орталықта орналастыру - жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасына топпен орналастыру; 7) периметралды орналастыру - жиһазды, жабдықты қабырға бойымен (периметр бойынша) орналастыру; 8) планшетті ДК (бұдан әрі - ПлДК) - экранмен біріктірілген қолмен жазатын планшетті құрылғымен жабдықталған, пернетақта мен тінтуірді пайдаланбай-ақ стилус немесе саусақтар арқылы жұмыс істейтін ноутбуктер класы; 9) рұқсат етілетін діріл және діріл деңгейі - үй-жайларда жұмыс орындарындағы жайлылық жағдайы үшін жалпы діріл; 10) стилус - сенсорлы экранмен жұмыс істеуге арналған пластмасса таяқша; 11) униполярлық көрсеткіш - оң полярлық аэроиондар шоғырлануының теріс полярлық аэроиондар шоғырлануына қатынасы;

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх