І. Мақсаты:
• Мектеп ережесін түсіндіру, тәрбиенің алғашқы қағидаларын таныстыру;
• Сыныптағы тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыру;
• Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш, еңбекқор, қабілетті адам даярлауға бағыттау.
ІІ. Міндеттері:
• Дұрыс, әдемі сөйлеуге, ізетті болуға тәрбиелеу;
• Оқу-құрал, кітапты күтіп ұстауға, кешікпей, сабақтан қалмауға дағдыландыру;
• Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбие жұмысын құру;
• Оқушылардың қазіргі кездегі өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және кәсіби тұрғыда қажет маңызды тұлға болып жетілуіне ықпал ету;
• Оқушының кез-келген жұмыс барысында өзін-өзі көрсете алуына, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету;
• Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, әдептілік ережесін, тыйым сөздерді білетін, отбасы ұғымының мағынасын түсіндіре алатын оқушы дайындау;
• Өз Отанын сүюге, құқықтары мен бостандықтарын сүюге тәрбиелеу.