Тақырыбы: Кім жылдам сайысы
Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына еліне деген сүйіспеншілігін арттыру жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір қасиетін дамыту, қазақ тілін мәртебесін көтеру.
Ұйымдастыру:
Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Кім жылдам сайысына хош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға қатысушыларды қарсы алайық.
Сонымен бірінші кезегімізді бастайық.
Топтың атымен таныстыру. Сұңқар және Тұлпар тобы
Екі топ өздерінің топтарының атын атап ұрандарын да қатысушылар бірге айтып береді.
І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
1 сайыс.Сұрақтарға жауап береміз.
1. Мемлекеттік теліміз қандай тіл?
2. Қазақ тілінде неше әріп бар?
3. Қазақ тілі қай топқа жатады?
4. Бірінші болып ғарышқа кім ұшты?
5. Алғашқы ұстаз кім?
6. Отан неден басталады?
7. Қазақ тілінде тақпақ айту?
Әр сұраққа жауап берген топқа бір балдан беріліп отырады.
2 сайыс. Ән «Күн әдемі»
Күн әлемі көк әлемі
Бұл суретте жас баланың
Ақ қағазға салған өзі
Жазылған бар сөзі
Қ – сы
Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін
Қасымда болсын мамам
Болайын мен де аман
Пусть всегда будет солнце
Пусть всегда будет небо
Пусть всегда будет мама
Пусть всегда буду я
3 сайыс. Әріптерден сөз құрастыру
Оқушылар әріптермен сөздер құрастырып болғанша көрермендермен ойын өткізу.
Көрермендерге суреттің атауы (орысша – қазақша) Жеміс жидектің атауы, аңдардың суреті.
4 сайыс. Жұмбақтар шешу
1.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
Әр жұмбақты шешкен топқа бір балдан беріледі.
5 сайыс. Тақпақтарды мәнерлеп оқу.
1-топқа
Партаға тұңғыш отырдым,
Қалам алып қолыма.
Сызықтарға толтырдым,
Қалдырмай дәптер жолында
2-топқа
Ана деген не деген,
Ақ тілеулі жан еді.
Алғысын ап оның мен,
Өсе бергім келеді.
Қатысушылар тақпақты бір екі рет оқып қайталағанша көрермендерден топтарға көмек ретінде ұпай жйнап ұтып беру.
Көрермендерге шарды үрлетіп, жарылған шардың ішінде қандай топтың атауы болса сол топқа бір ұпайдан қосу.
6 сайыс. Қара жорға биі
Екі топтың қайсысы жақсы билесе сол топқа бір бал қосу.
Ал енді қайсы топ жақсы билейді, өнерлерін ортаға салайық
Қорытынды; Екі топтың жинаған ұпайларын санап қайсы топтың ұпай саны көп болса сол топты жеңімпаз болып аталады.
Ойынға қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!