Сакипкалиева Рита Алибековна 1984 жылдың 11 қыркүйегінде Орал облысы, Чапаев ауданы, Киров ауылында /Алғабас совхозы, Жаңажол ауылы/ дүниеге келген. 1990 жылы Алғабас сегізжылдық мектебіне 1 сыныпқа қабылданған. 1999 жылы Орал педагогикалық колледжіне оқуға түсіп «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша 2003 жылы бітірген. Еңбек жолын өзі оқып білім алған Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінде «Бастауыш сынып мұғалімі» болып бастаған. 2004 жылы еңбектен қол үзбей жүріп М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттін Университетіне «Бастауышты оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, оқу орнын 2007 жылы аяқтады. 2010 жылы Батыс Қазақстан Гуманитарлық Академиясында «Педагог-психолог» мамандығы бойынша 2012 жылы тамадады.
2009 жылы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебіне бастауыш сыныптар бойынша педагог-психолог болып жұмысқа қабылданды.
Сабақтастық аясында мектепалды даярлық сыныбындағы оқушылардың мектепке дайындығын анықтау, бастауыш буыннан орта буынға келген оқушылармен бейімделу тренинг сабақтары жүргізілді. Атап айтсам «Бесінші сынып дегеніміз не?», «Орта буындағы жаңа оқушы», «Өзін-өзі тану» т.с.с.
Оқушыларды МАБ-қа психологиялық тұрғыдан әзірлеу мақсатында «Сенімділік күш береді» және ҰБТ-ға қатысатын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Стреске жол бермеу», «Эмоция» сияқты тренингтер өткізді.
2010 жылы қараша айында бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинарында «Өзара ой бөлісу-Өрмекші. Қолтаңбаңыз бойынша өзіңізді байқап көріңіз» тақырыбында тренинг өткізсе, 2011 жылы маусым айында аудандық семинар-кеңеске қатысып «Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру» және аудандық тамыз мәжілісінің тәрбие жұмысы жөнінде секциясында «Мектептегі оқу-тірбие процесінде оқушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетудің мониторингі» тақырыптарында өз тәжірибесін ортаға салды. Семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, оң пікірлерін білдірді.
2011 жылы мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің басшысы болып тағайындалды. Оқушылардың жазғы демалысының жүйелі ұйымдастырылуы арқасында аудандық «үздік жазғы демалысты ұйымдастырушы мектеп» атағын алды.
Рита Алибековнаның жетекшілігімен 2011 жылы наркологиялық бекеттің «Нұрлы болашақ» атты еріктілер тобы Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай өткізілген аудандық «Біздің арамызда есірткіге жол жоқ» атты акцияға белсене қатысқаны үшін марапатталса, «Жайық жастары есітркіге қарсы» атты облыстық фестиваліне қатысып Призентация номинациясы бойынша І орын алғаны үшін марапатталды.
«Жанұя мен мектептегі тәрбие» атты республикалық оқу-әдістемелік педагогикалық журналына 2011 жылы №4 нөміріне «Өз-өзіне деген сенімділікті арттыру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерімен жүргізілген тренинг жарияланды.
Сакипкалиева Рита Алибековна 1984 жылдың 11 қыркүйегінде Орал облысы, Чапаев ауданы, Киров ауылында /Алғабас совхозы, Жаңажол ауылы/ дүниеге келген. 1990 жылы Алғабас сегізжылдық мектебіне 1 сыныпқ...