Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Сарбаева Динара Алпысбайқызына беріледі. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп директорының бұйрығы бойынша информатика пәні мұғалімі болып жұмыс істеуде. Жұмыс барысында Д.А.Сарбаева өзінің жан-жақтылығын, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екенін көрсете білді. Ол мектеп оқушыларымен тиімді жұмыс жасап, түрлі қызықты іс-шаралар өткізеді. Өз бойындағы еңбекқор да ізденгіштік қасиеттерін оқушыларының бойына да сіңіріп, нәтижесін көрсетуде. Мысалы, 2012 жылы “Спорттық Қазақстан” атты аудандық мультимедиялық жоба байқауында –І орынды, облыстық кезеңінде - ІІІ орынды, және Облыстық «Жас Ұлан -2012 » байқауында «Жас толағай» номинациясы бойынша Кузбаев.А. Гран-при атағын жеңіп алды, 2014 жылы ІХ аудандық ашық интелектуалдық «Infoman»компьютерлік турнирінде ІІІ орын иеленді, аудандық «Үздік информатика кабинеті» - ІІ орын, «Мектептің фирмалық стилі»-І орын, “Туған өлке” атты облыстық байқауда –І орынды иеленді.Мектепішілік олимпиададан 9 сынып оқушысы Ержигитова А. І орын иеленіп, аудандық олимпиадаға жолдама алды.
Динараның өткізген әр іс-шараларынан оның ізденімпаз, талғампаз, ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұқыпты, жан-жақты екенін байқадық.Сонымен қатар жаңа технология элементтерін тиімді қолдана отырып, әртүрлі жарыс сабақтарын асқан шеберлікпен оқушыларды қызықтыра отырып өткізеді.
Өз білімін жетілдіру курстарынан да өтіп, практикада қолданып отырды, жетістіктері де бар. Атап айтқанда, 2012жылы “Шыңғырлау жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен»,2013 жылы «Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы жауапкершілігі үшін» мектеп директорының «Алғыс хатымен» марапатталды. 2013 жылы Аудандық «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» байқауына, “Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту “E-learning” курсына, «Жәңгір жастары»облыстық жазғы лагерінің оқыту –семинар тренингіне, жастарға арналған кәсіпкерлікпен айналасу сұрақтары бойынша оқыту семинарына, 2014 жылы қазанда өткен информатика пәні мұғалімдеріне арналған «ҚР білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу негізінде педагог қызметкерлердің АКТ құзыреттілігі» тақырыбындағы курсқа катысып, сертификатқа ие болса, қараша айында А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында «Электрондық оқыту E-learning » бойынша семинарға қатысып келді.
Жұмыс кезіндегі Динараның қарапайым да салмақты, айналасындағылармен тез тіл табысқыш, адамгершілік қасиеттерін мектеп ұжымы жоғары бағалайды.
Мұғалім жұмысы қашан да ізденушілікті, жаңалықты талап етері сөзсіз. Динара Алпысбайқызы осындай ұстаз болатынына сеніміміз мол, яғни ол әрқашан ізденуден талмайтын,оқушыларын ізденіске баули алатын жаңашыл ұстаз болатыны сөзсіз.