Сабақтың тақырыбы: Жыл информатигі
Мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Интеллектуалды ойын
I. Ұйымдастыру кезені
а) сәлемдесу
ә) таныстыру
II. Сабақ өту барысы
Сайыс кезеңдері:
1 кезең « Адасқан сөздер » сайысы
2 кезең «Тіл- өнер » сайысы
3 кезең «ҒАЖАЙЫП қапшық » сайысы
4 кезең « Қиял әлемі » сайысы
1 кезең « Адасқан сөздер » сайысы Әр жауап 3 баллдан есептеледі
2 кезең «Тіл- өнер » сайысы қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал.
3 кезең «Ғажайып қапшық» кезеңінде оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі.
4 кезең «Қиял әлемі» балы қызықты жазылған шығармаға 10 балл беріледі.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Жыл информатигі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!