Тақырыбы: Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, символдарды форматтау; мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Ms Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: орыс тілі, қазақ тілі.
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, жұмбақ жасыру, түсіндіру.
Оқыту құралдары: Оқулық, дәптер, компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, плакаттар.