Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

Нуркасынова Камажай Каракуловна

Дене пәнінің мұғалімі

Казахстан Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылы, №3 арнайы жалпы білім беру мектебі

Материалов: 11 Просмотров: 1024 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Физ. культура и здоровье
Инфоурок / Сайты учителей / Нуркасынова Камажай Каракуловна

Нуркасынова Камажай Каракуловна мектепке келген алғашқы жылдарында ұстаздық жолын осы мектептің аға тәлімгері қызметінен бастады. Нуркасынова Камажай дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. Ол өз мамандығын жетік меңгерген ұлағатты ұстаз, кәсіби маман. Ол алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшелігін, ынтасы мен бейімділігін, дене сабағына қызығушылық деңгейін зерттей отырып, деңгейіне қарай спорттық ойындарды жүргізеді. Баланың бойындағы мүмкіндікті жетілдіріп танымдық қабілетін дамытады. Ақыл-есінің дамуы қалыпты жетілмеген балалар болғаннан кейін бала өз бетінше ойын шарттарын жетік түсіне бермейді, орындау мүмкіншілігі төмен болады. Бұл қиындықты ол балаға деген сезім мен сенім арқылы жеңе білді. Сондықтан, балалардың тез ұғынуы үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, спортты сүюге жол аша білген білікті ұстаз. Себебі білім беру, тәрбиелеу-баланың ішкі жан дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін сыртқы факторлар екені белгілі еді. Нуркасынова Камажай оқушыларға білім, саналы тәрбие беруінің арқасында еңбек еткен жылдарында ерекше көзге түсіп келеді. Үнемі ізденіс үстінде жүретін еңбекқор маман иесі. Ақтау қаласында 2014 жылы өткен «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі мүгедек спортшылар арасында шағын футболдан мектеп оқушылары ІІІ орын жеңімпазы атанды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Луара» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен арнайы мектеп оқушылары арасында өткізілген спорттық жарыстан мектеп оқушылары ІІІ орынды иеленді. Камажай Каракуловна әр ұлттың биін нақышына келтіріп билей білетін биші. Осы өнерін оқушыларға үйретіп, «10 Жұлдызай» фестивальіне 7-сыныпта оқитын Есеркепова Жанэльді гимнастикалық би бойынша дайындады. Ол оқушы І орынды иеленді. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» атты мектепішілік шарада,әр ұлтың тілі мен дәстүрін көрсетуде сайыс өткізілді. Осы сайыста оның сыныбы сыныптар арасынан алға суырылып шығып, І орынға ие болды. Нуркасынова Камажай Каракуловна кәсіби шеберлігі мен еңбегі үшін марапаттарға ие. Білікті маман, тәжірибелі ұстаз. Ол Дәулет әкімшілігінің және «Луара» қоғамдық қорының Алғыс хаттарымен, Ұстаздарға арналған республикалық әдістемелік сертификаттарымен марапатталды. Нуркасынова Камажай Каракуловнаның кандидатурасы №3 арнайы жалпы білім беру мектебінің педагогикалық кеңесінде талқыланып, ұсынылды. Маңғыстау облысының Білім басқармасының 05.10.2015 жылғы 01-16 №3860-ші хатына байланысты білім беру жүйесіндегі шығармашылық жетістіктері, жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жеткен табыстары үшін Нуркасынова Камажай Каракуловнаның кандидатурасы «Білім басқармасының Құрмет грамотасына» ұсынылады.

  • 11 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх