Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Сайлауов Абай Сайлауович

физрук

Казахстан №262 школы - гимназии

Материалов: 4 Просмотров: 452 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Физ. культура и здоровье
Инфоурок / Сайты учителей / Сайлауов Абай Сайлауович

Дене тәрбиесінен сабақ жоспары 6-сынып Сабақ тақырыбы: Жеңіл атлетика. Ұзақ қашықтыққа жүгіру әдісін меңгеру. Сабақ мақсаты: 1500 м. уақыт есебімен көрсеткішке жүгіру. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: 1.Салауатты өмір салтының қалыптасуына ықпал жасау. 2.Жеңіл атлетика сабағына қызығушылығы мен ерік-жігерін қалыптастыру. 3.Балалардың дене күшінің нығаюы мен үздіксіз терең демалыспен жұмыс жасауына қол жеткізу. 4.Балалардың намысын шыңдау. 5.Ұзақ қашықтыққа жүгірудің жарыс ережесін меңгеру. Сабақтың көрнекілігі: Жеңіл атлетика кітабы. Дене тәрбиесі кітабы. 6-сынып. Көрсету,түсіндіру. Сабаққа қажетті құралдар: Жүгіру жолы. Жалауша. Секундомер. Ысқырық Сабақтың түрі: Жарыс сабағы. Сабақ өтетін орын: Мектептің спорт алаңы. Сабақ өтетін күн: Cабақ бөлімі Сабақ мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулар 1 2 3 4 І бөлім Кіріспе 14-15 Минут ІІ Негізгі БӨЛІМ 20-25 Мин ІІІ Қорыт- ынды БӨЛІМ 5-7 мин 1.Кіріспе. -Сыныпты сапқа тұрғызу. - Кезекші мәліметін тыңдау. - Амандасу. - Сабақ мақсатын,тақырыбын хабарлау. 1.Сап жаттығулары. - Оңға,солға,артқа бұрылу. - Саптан бір қадам алға шығу. - Қайта орнына бару. - Орнында жүру. - Саппен жүру. 2.Жалпы қыздырыну жаттығулары. - Аяқтың әр түрлі жағдайларымен жүру. - Толық және жартылай отырып жүру. - Қолды иыққа қойып,қапталға созып алға-артқа айналдыру. - Алға қарай бір аяқпен секіру(алмастыра секіру) -Алға екі аяқпен секіру. 3.Жүгіру. Жүгіріп жасайтын жаттығулар. - Әр түрлі жылдамдықпен жүгіру. - Оң және сол қапталмен жүгіру. - Тізені бел деңгейіне дейін көтеріп жүгіру. - Қолды екі қапталға соза ұстап,өкшені тигізе жүгіру. - Қолды екі қапталға созып айналдыра жүгіру. - Жай жүгіру. - Дем алу жаттығулары. 4. Тұрып жасайтын жаттығулар. Сыныпты екі қатарға тұрғызу. - Н.Т. аяқты иық деңгейіне қою. 1.қолды қапталға созу. 2.сол аяқты бүге қолды,денені жоғары кере созу 3.қолды қапталға созу. 4.б.ж. 5-8 осылай оң аяты бүге оң қапталмен жасалады. - Н.Т. аяқты иық деңгейіне қою. 1.қолды жоғары соза артқа шалқаю. 2.алға еңкейіп қолды аяқ ұшына тигізу. 3.қолды алға соза аяқ ұшына отыру. 4.б.ж. - 1. Сол аяққа отырып,оң аяқты қапталға созып керу. 2. Оң аяққа отырып,сол аяқты қапталға созып керу. - Отырып тұру. 5.Секірулер. - Екі аяқпен секіру. - Аяқты айқастыра секіру. - Аяқты қосып екі қапталға түсіп секіру. - Аяқты қосып алға-артқа секіру. - Аяқты қосып белді бұрай секіру. Қалыпқа түсу жаттығулары.Дем алып,дем шығару жаттығулары. Сабақтың негізгі бөліміне көшу. 2.Негізгі бөлім. Ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасын түсіндіру. 1. Жоғарғы сөреге тұру және шығу. 1.(Сөреге!) Сөре сызығына өзіне ыңғайлы аяғын алға қойып келесі команданы күтеді. 2.(Жүгіруге дайындал!) Алға еңкейе,алдыңғы аяқты бүгіп,алда тұрған аяққа қарама-қарсы қолды бүге жүгіруге дайындалады. 3.(Алға!) Алға қарай екпінмен серпіле жүгіру жолын бастайды.Сөреден шыққаннан кейін адымды кең ашып,жылдамдықты бірте-бірте арттырған жөн.Шапшаңдықты ұзақ сақтаудың бірден-бір кепілі-денені бос тастап еркін жүгіру. 2. Жүгіру жолы. - Жүгірушілердің негізгі білуге тиістілерінің бірі жүгіру жолын дұрыс пайдалана білуі.Жүгіру жолы айналма болған жағдайда(мысалға 500 м) жүгіру жолы 500 метрге есептелінген.Егер әр жүгірушіге арналған жол болмаса алғашқы сызықтан қашық жүгіруге болмайды. Себебі: алғашқы сызықтан қашықтаған сайын жүгіру жолы ұзара түседі. 3.Дене күші мен демалысты үнемдеп жұмсай білу. -Ұзақ қашықтыққа жүгіруді өте жоғарғы жылдамдықпен бастауға болмайды. Себебі: жүгіру жылдамдығының жоғарылығы дене күші мен демалысты жүгіру жолының біраз бөлігі өткеннен кейін тауысып алуға әкеліп соғады.Одан кейін жүгіру жолын жалғастыра алмай қалуымыз мүмкін.Сондықтан дене күші мен демалысты дұрыс есептей отырып, жүгіру жолына дұрыс бөле білу ұзақ қашықтыққа жүгіруде өте маңызды болып есептеледі. 4.Өз мүмкіндігіңді дұрыс есептей отырып әріптесіңнен басып озу. - Жүгіру жолында алдыңдағы жүгірушіден басып озу үшін дене күші мен демалысыңды есептей білген жөн.Өзіңе сенбесең басып озуды бастамаған дұрыс.Себебі: қарсыласыңнан озамын деп дене күші мен демалысты тауысып алуың мүмкін. 5.Мәреге келу. - Мәреге келу жалпы жүгіру барысындағы жауапты кезең болып табылады.Мәреге жақындағанда ең жоғарғы жылдамдықты ұстау керек.Бұл көрсеткішті жақсартудың тиімді жолы. Артық дене күші мен демалысты пайдалану мәреге 50-60 м қалғанда басталады. 6.Мәреден өту. - Мәреге жақындағанда жоғары жылдамдықты сақтай отырып,ақырғы адымда денені алға қарай еңкейте,сөре сызығынан жүгіріп өту керек.Егерде жүгіруші мәреге бірнеше адым қалғанда қашықтықты қысқартам және уақытты ұтам деп секірсе,ол қатты қателеседі.Себебі мұндай сәтте жүгіруші тепе-теңдікті жоғалтып,кей жағдайларда құлап қалуы да мүмкін. Мұндайда жылдамдық өсудің орнына бәсеңдейді.Екі немесе бірнеше жүгіруші мәреге қатар келген жағдайда,яғни тең сайыста кеудені еңкейтудің немесе иықты бұра қоюдың маңызы зор.Осындай қозғалыс көп ретте жеңіске жеткізеді. Біздің жүгіру жолымыздың әр айналымы 500 м сондықтан жүгіру жолын үш рет айналу керек. Жүгіру көрсеткіші: «5»- Ұ-7,30 Қ-8,00 «4»- ұ-7,50 Қ-8,20 «3»- ұ-8,10 Қ-8,40 «2»- Біз жүгіру барысындағы қажетті ақыл-кеңесімізді түсіндірдік. «Сөреге!» «Дайындал!» «Алға!» Жүгірушілер жүгіру жолын бастайды. 3. Қорытынды бөлім. Допты шеңберден шығару.(ойын) Ойыншылар аралары 2 адымнан айнала шеңбер жасап тұрады.Ойын жүргізуші шеңбер ортасындағы допты аяғымен теуіп шығаруы керек.Ойыншылар допты сыртқа шығармауға тырысады.Ойыншылар допты аяғымен тоқтатып, жүргізушіге қайтаруы керек. Ойын ережесі. 1.Допты қолмен ұстауға болмайды. 2.Доп жермен домалай қозғалуы тиіс,яғни көтеріп тебуге болмайды. 3.Ойын жүргізуші шеңбер ортасынан 2 адым ұзауға болмайды. (ойын ұзақтығы сабақтың ауысқан уақытына байланысты болады.) - Сапқа тұру. - Қалыпқа түсу жаттығулары. - Жүгіру барысындағы көрсеткіші жақсы оқушыларды атап өту. - Балаларды көрсеткен көрсеткіштеріне сәйкес бағалау жұмысы. - Жарыс сабағының қорытындысы бойынша сынып чемпиондарын құттықтау. - Сынып чемпиондарын мектепішілік, сынып- аралық жарыстарға ұсыну. - Балаларға үйдегі бос уақытына тапсырмалар беру. - Сабақты қорытындылау.Қоштасу рәсімі. 1 мин 1 мин 2-2,5 мин 1,5 - 2 мин 7-8 Рет 5-6 Рет 7-8 Рет 20 рет 1 Рет 1 мин Сабақ тақыры- бын түсіндіру 3-5 мин арасы 15-20 мин арасы 5-7 мин арасы Спорттық киімдерін бақылау. Жаттығулар- дың дұрыс орындалуын қадағалау. Дене түзулігі, аяқ,қол,денеге түсетін күшті ескеріп отыру. Жаттығулар- дың орындалуы мен балалардың дұрыс жүгіруін бақылау. Денені аяқ ұшына көтере керу. Дене,аяқ,қол түзулігін сақтау. Аяқты түзу созу. Қолды алға соза. Жаттығудың дұрыс орындалуын бақылау. Сөре сызғына аяқты дұрыс қоя білу. Жүгірудің айналма сызығына жақын жүгіру. Дене күші мен демалысыңды шамалай білу. Өз күшіңе сенбесең әріптесіңнен озудың қажеті жоқ. Бар мүмкіндігіңді пайдалана жүгіру. Жылдамдық- ты бәсеңдетпей алға еңкейе мәре сызығынан жоғарғы жылдамдық- пен жүгіріп өту. Түсіндірулер- ді естен шығармау. Ойынды тез ойнау тапсырылады. Үй тапсырмасы- ның мерзімін белгілеу



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • 4 материала

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх