Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Серикбаева Амангуль Кадылбаевна

учитель казахского языка

Казахстан КММ "Преображенка орта мектебі"

Материалов: 5 Просмотров: 1086 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Серикбаева Амангуль Кадылбаевна

Мен, Серикбаева Амангуль Кадылбаевна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11 жыл сабақ беріп келемін. Бірінші санатты мұғаліммін. “Қазақстан Республикасының педагогтарының біліктілігін арттыру курсының үшінші (базалық) негізгі деңгейі” (сертификат №0003613) бойынша үш айлық курсынан өттім. 2012 жылдың сәуір айында 5- 6 сыныптарға арналған диктанттар мен мазмұндамалар жинағы, яғни 36 беттен тұратын әдістемелік оқу құралын жинақтадым. Оқытудың жеті модулінің әдіс- тәсілін ықпалдастыра отырып, қазақ әдебиеті пәнінен «Ананың анасы» тақырыбында 9 «А» сыныбында сабақ өткізіп, «Ұстаздың интернет ресурсында жарияланған жеке еңбектер жинағы» атты 45 минут сайтына жарияланды. Пән бойынша Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, қала/ аудан бойынша ең үздік нәтиже көрсеттім. 2013- 2014 оқу жылында қазақ әдебиеті пәнінен 8 сыныпқа арналған жұмыс дәптері, «Оқушыларды ғылыми- зерттеу жұмысына баулу жолдары» атты дидактикалық құрал және 5- 8 сыныптарға арналған «Лексиканы оқытуда қолданылатын тапсырмалар» жинағы, яғни сыныпта пайдалануға әдістемелік оқу құралдарын жинақтадым.«Ғ.Мүсірепов» тақырыбында 11 «Б» орыс сыныбында аудандық семинар өткізіп, іс- тәжірибем таратылды. 2011- 2012 оқу жылы оқушым Ділдәбекова Жансая аудандық пән олимпиададан IІІ орын, аудандық «Жас ақындар» сайысында Дубаева Гүлден I орын, Ділдәбекова Жансая II орын алды. 2012- 2013 оқу жылы аудандық пән олимпиададан Павленко Таисия I орын, Лисовая Юлия III орын, “Мен Қазақстан патриотымын” атты сайыста Лисовая Юлия I орын, Амангелді Тілек, Қалибасов Азат II орын, «Қазіргі қазақ жастарының қазақ тілінде сөйлеу мәдениеті» атты ғылыми жоба сайысында Амангелді Тілек II орын алып, осы ғылыми жобасы Республикалық «Жаңа білім - жаңа ғасыр» журналына (№3, 2014жылы) жарияланды және Республика бойынша үздік ғылыми жобасы үшін дипломмен марапатталды. Облыстық «Айналайын» сайысына Даутова Амина, Закирова Фируза, Юрьева Диана III орын, Жарқын болашаққа бастаған ұлт көшбасшысы байқауына Лисовая Юлия қатысып сертификатпен мараптталды. “Новый взгляд на мир – через социальные фотографии” атты фотосайысқа Қалибасов Азат, Серікқалиева Еркежан, Измайлова Камила, Егізбаев Шалқар сайысқа қатысқаны үшін сертификатпен марапатталса, Амангелді Тілек жеңімпаз атанып, “Акция добрых дел” номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Республикалық қашықтық олимпиадаға Амангелді Тілек пен Қалибасов Азат қатысып, қала/ аудан бойынша ең үздік нәтиже көрсетті. «Жақсы ұстаздан шәкірті озар» демекші Қ.Бітібаеваның атына өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық олимпиадада Павленко Таисия II дәрежелі дипломмен марапатталды. 2013- 2014 оқу жылы аудандық пән олимпиададан Лисовая Юлия I орын алып, облысқа жолдама алып, сертификатқа ие болды. Республикалық қашықтық олимпиадаға Капирулина Инна, Кайроллаева Еркежан, Лисовая Юлия қатысып белсене қатысқаны үшін сертификат алды. Аудандық "Ең үздік жыл мұғалімі"- 2 орын алдым.


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх