Иә, әлгі бір әзілде айтылатыны сияқты, біз үнемі «бірнәрсе істеу керек еді» деген оймен жүреміз. Бірақ ештеңе де істегіміз келмейді. Өз өмірімізді онша ұната қоймаймыз, алайда өзімізге ұнайтын өмірге де қадам жасап көргіміз де келмейді. Тек армандауды ұнатамыз, ал арманға қарай ұмтылу ойда жоқ. Оның себептерін білесің бе? Осы күнге дейін біз үлкендерден тек «ақылды бол, елдің алдында ұятқа қалдырма, өз бетіңмен кетпе» деген сияқты сөздерді ғана естіп келдік. Енді мен саған ешкім айтпаған құпияны айтқым келеді. Армандарға бару жолындағы ең алғашқы қадамға ең бірінші кедергі келтірер нәрсе – ол “ЖҰРТ НЕ ДЕЙДІ?” деген пікір. «Жұрт не дейді» деп ойлаудың басты себебі – өзің жұртты жамандағыш болғандықтан. Өзің біреулердің киген киімін сөз еткенсің, сондықтан, қымбат тұратын, бірақ өмірде еш мәні жоқ киімді киюге тырысасың. Сен бутиктерді аралап киім алып жүргенде ертең ғажап адам болатын, рухани кемел, материалдық жағынан тәуелсіз болатын адам жұрттың ығына жығылудан гөрі, жұрт оның ығына жығылатын жолдарды жасап жатады. Иә, күні ертең-ақ соның айтқаны болады. Мүмкін ол қазір сол киімдерді өзі тігіп жатыр. Бәлкім ертең ғаламат дизайнерге айналады. Әлемге әйгілі болады, сол кезде сен тағы да оның айтқанымен жүресің, себебі мода әлемін сол басқаруы мүмкін. Сол кезде сен тағы да осы сәнді киімді кимесем, жұрттан ұят болар деп әлі жүресің. Ғажап нәрсе ойлап табу үшін, ғажап адамға айнау үшін ең алдымен осы «жұрт не дейді?» деген қорқыныштан арылу керек. Бұл – бір! Екінші – өз бойыңдағы бойкүйездіктен арылу. Оның не екенін білмесем қалай арылам дерсің?! Бойкүйездік деген – өмірге селқос қарау. Мәселен, «шіркін шет тілін білгенімде ғой» дейсің де, қолыңа телефоныңды алып, ватсаппен, мессенджермен әлдекімдермен түкке тұрғысыз әңгіме айтып жатасың. Көп болса бір сәтке қызық болып көрінген ақпараттарды оқырсың. Немесе қазіргі жұмысыңды ұнатпайсың, ұнамағанына қарамастан сонда жұмыс істеп жүресің. Тіпті басқа жұмыс іздеп те көрмейсің. Бойкүйездік деген осы. Алға ұмтылғысы келмеу. Ал асқақ армандары бар, ертең әлемге әйгілі адам болатын, рухани кемел, материалдық жағынан бай адам сен өз смартфоныңды қызықтап отырған кезде ол шет тілінде 5 сөз болса да жаттап жатыр. Сен өзіңе ұнамайтын осы жұмысты әлі істеп жүресің, ал ол шетелге жұмыс бабымен ұшып бара жатады.
Иә, әлгі бір әзілде айтылатыны сияқты, біз үнемі «бірнәрсе істеу керек еді» деген оймен жүреміз. Бірақ ештеңе де істегіміз келмейді. Өз өмірімізді онша ұната қоймаймыз, алайда өзімізге ұнайтын өмір...