Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
2 месяца назад

Шаймолданова Сагдат Кумаровна

Физика және математика пәнінің оқытушысы

Казахстан Талдықорған агротехникалық колледжі

Материалов: 5

Просмотров: 693

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: Математика Физика
Инфоурок / Сайты учителей / Шаймолданова Сагдат Кумаровна

Мен Шаймолданова Сағдат Құмарқызы Талдықорған агротехникалық колледжінде 2004 жылдың қыркүйек айынан бері, физика және астрономия пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеймін. Қазіргі кезде колледжде жастар тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көқарасы,жалпы болмысы, ең алдымен оқытушыға байланысты. Қазіргі заман оқытушысынан өз пәнін жетік меңгерумен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси экономикалық, ақпараттық сауаттылық талап етілуде.Білім беру саласында жаңа ақпараттық- технологияның енуі оқытушының ойлау стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.мүмкіндік береді. Физика-білім алушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі ғылым саласы, яғни білім алушылардың интелектісін, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге мүмкіндік жасайды.Оның мақсаты- жаңа ақпаратты дамыған қоғамда білім алушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау.Пән аралық байланыстар- ғылыми циклдағы физика сабағында жеке тұлғаны дамытудағы кешенді мәселе болып табылады. Оны үш бағытқа бөлуге болады: 1.Пән бойынша алғашқы білім мен дағды; 2.Пән бойынша екінші білім мен біліктілік; 3. Осы білім мен дағдылардың бірлігі, оның оқу үрдісінде қолданылу өрісін кеңейтеді.(тәжірибелер). Пән аралықбайланыстарды педагогикалық іс-тәжірибемде ашық сабақтар,сыныптан тыс жұмыстар, ғылыми-практикалық конференциялар арқылы жүзеге асырып отырамын.Физика арнайы білім беру пәні ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың логикалық, интелектуалдық ойлау қабілеттерін шыңдай түседі, дүниетанымын кеңейтетін бірден-бір мықты құрал.Білім алушыларға білімді тиянақты меңгерту, интелектуалды жастарды тәрбиелеу әрбір пән оқытушыларының міндеті. Ол үшін әр оқытушы өз іс-тәжірибесіне орай, әдіс-тәсілдеріне қарай бағытта шаралар, интелектуалды ойындар, жарыс түрлерін ұйымдастыра алады.Сонымен бірге, қазіргі техниканың дамыған заманында мұндай шаралар ұйымдастыру тиімді әрі көрнекті болады. Білім алушылардың пәнге, жалпы білім алуға деген қызығушылығын оятады.Жалпы білім саласындағы талап әр оқытушының ақпараттық-технологиялық сауаттылығының болуы болып отыр.Физика пәнін оқытуда электрондық оқулықтың білім алушылардың өздігінен білім алуына көмегі зор.Негізгі ұғымдар мен теориялық мәселелерді тиімділігіне қарай іріктеп, өз бетімен білім алуға үйренеді. Сондықтан, мен өзімнің тәжірибемен бөліскім келеді.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх