Біз туралы

Аудандық жаңа форматты мұғалімдердің кәсіби желілік қоғамдастығы.

«Шың»-мұғалімдердің кәсіби желілік қоғамдастығы

Кәсіби желілік қоғамдастық мақсаты:

  • Аудандық кәсіби желілік қоғамдастықтағы деңгейлік курстан өткен мұғалімдер арқылы білім беру саласындағы проблемалардың шешу жолдарын ұйымдастыру;
  • Ізденімпаз, көшбасшылыққа қабілеті бар мұғалімдерді желілік қоғамдастыққа тарта отырып, мұғалімдердің белсенділік, құзіреттілігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін ашу;

Міндеттері

  • Деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге қолдау көрсетіп,әдістемелік көмек ұйымдастыру;
  • Деңгейлік курсты аяқтаған мұғалімдердің меңгерген әдіс-тәсілдерін сабақ барысында жүзеге асыру арқылы оқушыларға жан- жақты, әмбебап білім беру;
  • Оқу мен оқыту сапасын көтеруде критериалды бағалау жүйесін қолдану жұмысын жалғастыру;
  • Мектептегі мұғалімдердің қоғамдастыққа деген сенімділігін коучингтер жүргізу арқылы дамыту;
  • Әрбір оқушының көшбасшылық қабілетін анықтау үшін шағын зерттеу жұмысын жүргізу;
  • Оқу жүйесінде "Lesson Study" зерттеу әдісін қолдану;
  • Желілік қоғамдастық арқылы аудан және облыс мектептерімен әдістемелік байланыс орнату

Жұмыс түрлері:

  • Семинар
  • Ашық сабақтар шеруі
  • Дөңгелек үстел
  • Коучинг
  • Конференция
  • Конкурстар

Күтілетін нәтиже:

- Бірлескен зерттеу топтары қалыптасады,

- Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады,

-Басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды,

- Бірлескен тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады,

-Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады,

-Кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады.

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.