Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

Шукулукова Сымбат Бейсембаевна

учитель физики и математики, зам.директора по учебной работе

Казахстан КГУ "Общеобразовательная средняя школа имени Абая Актогайского района" Павлодарской области РК

Материалов: 9 Просмотров: 12114 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Математика Физика
Инфоурок / Сайты учителей / Шукулукова Сымбат Бейсембаевна

Туған жылы, айы және күні: 1980 жылғы 6-шілде Туған жері: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Білімі: 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, физика-математика мамандығы бойынша бітірген. «Ұстаз - ұста» дегендей, педагогикалық ұстанымы – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, «бұлақтың көзін ашу» арқылы биік мақсаттарға жетелеу. «Ғылымдардың патшасы» математика мен физика пәнінің мұғалімі болу асқан жауапкершілікті жүктейді. Себебі, математика нақтылықты, дәлдікті талап етеді. Болашақ кілті – жастарда болса, сол болашақ ұрпаққа, ұлтымыздың зияткер ұл-қыздарына ғылым мен техниканың, қоғамды дамытушы ғылымның қыр-сырын үйретуші ғылым – физиканы оқыту терең білімді, зор міндетті арқалатады. Өзіме сенім артқан сан шәкірттерімнің алдындағы жауапкершілікті сезіну арқылы «ұстаз» деген ұлағатты есімге лайық болуға, жақсы ұстаз атануға ұмтылудамын. Жақсы ұстаз – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс-тәсілдерін алып, өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Абай атындағы мектепте істеген уақыттан бастап «Физика және математика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың жаңа техникалық, ақпараттық-коммуникациялық құралдарын қолдану» атты әдістемелік-шығармашылық тақырып бойынша жұмыс жасап жүрмін. Педагогикалық үрдісте инновация – оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Мектеп директорының инновация жөніндегі орынбасары болғандықтан, өзімнің инновацияны сабақтастыру іс-әрекетімді төрт түрлі өлшеммен сипаттаймын: -инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезіну; -оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығымның болуы; -енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына, тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуым; -белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіме қабылдап, оны енгізе білуім. Ұстаз мамандығын таңдауға ықпал еткен жайттар Мектеп қабырғасынан осы бір мамандық ерекше қызықтырып ынтықтырады. Бұл мамандықты таңдауына мектептегі ұстаздарының ықпалы зор болған. Білім берген мұғалімдерінің ұстамдылығы, білімдарлығы, мейірімділігі бала Сымбаттың Темірқазығына айналды. Арман жетелеп ұстаздық жолды таңдап, бала оқытуды мақсат етіп келеді Ұстаздық тәжірибеде орын алған ұмытылмас сәт Студенттік өмірмен қоштасу кешіндегі ұмытылмас оқиға. Жыл құсындай қанатын самғап, уақыт санап, студенттердің университетпен қоштасар уақыты да келіп жетті. Қанатымыз қатайған қыран болып, өзіміздің алтын ұямыздан ұшқалы отырған сәтінде Г.Кертаеваның "Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология" кітабында алғаш рет жарық көрген жас мамандарға арналған антты жүрегімізбен айтып қабылдадық. Адам баласының бойында жақсылықтарды дарытатын құдіретті күш – ұстаз. Ұстаз болу - өмірдің асылдығы, Ұстаз болу – жүректің батырлығы,- демекші, әр адам ұстаз бола алмайды, ұстаз болып туылу қажет сияқты. Өйткені, ұстаз біріншіден – ата – ана. Ол тек өз баласын ғана емес, оқушы баласын да шын көңілмен түсіне білуі керек. Бұл –үлкен ерлік. Мәңгілік есімізде қалған антымыз - жаңашылдықты сүйетін, белсенді, ойлаған мақсатына жету жолында аянбай еңбектенетін болашақ ұстаздың ата-ананың, ұстаздардың, халықтың, елінің алдында берген уәдесі, борышы деп есептейміз. Ұстаз жетістіктері мен табыстары Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Мұғалім өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Шығармашылық іс-әрекет деңгейін басылымдағы әдістемелік әдебиеттер арқылы, білім беру саласында ұйымдастырылған сайыстарға қатысу арқылы, даярлық курстарын өту арқылы жетілдіруге тырысады («Заманауи мектепті басқарудың өзекті мәселелері», 2013). Облыстық «Жыл мұғалімі - 2012» сайысына (2012), ПМБАИ-да «12-жылдық білім беруге көшу кезеңінде құзіреттілікті арттыру» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясына қатысып (2007), халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына «Физика және математика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың жаңа техникалық, ақпараттық-коммуникациялық құралдарын қолдану» тақырыбына жұмыс ұсынды (2010), облыстық «Талантты да тағылымды мұғалім» интернет-фестивалінің жеңімпазы атанды. «Менің педагогикалық мамандығым» атты І Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсында 3 орын (2013), «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық конкурста 2 орын (2013) иеленді. Қазіргі уақытта облыстық математика оқытушылары мен мұғалімдері ассоциациясының мүшесі, Павлодар облысының педагогтары мен оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту комитетінде жұмыс істейді. Ақтоғай ауданы бойынша ресурстық орталығының жұмысында да белсенділік танытады. Оқушының білімді саналы түрде игеруіне жол көрсетіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, жан-жақты ізденуіне мол мүмкіндік туғызатын амал-тәсілдерді талдауға негізделген бағдарламалар құрастырды. 2012 жылы шығармашылық пен шеберлік үшін ПМБАИ-дің "Ұстаздық жолындағы белсенділік пен жоғары көрсеткіштері үшін" Мақтау қағазымен марапатталған. 2013жылы Павлодар облыстық «Талантты да тағылымды мұғалім» интернет-фестивальінің жеңімпазы, 2013 жылы «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық конкурста II орын иеленген, 2013 жылы «Менің педагогикалық мамандығым» атты І Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсында III орын, 2013жылы Облыстық білім беру департаментінің «Құрмет грамотасымен» марапатталып еңбегі жоғары бағаланған. Баспасөз беттерінде жарияланған еңбектер Математика пәні бойынша 5-6 сыныптарға арналған «Олимпиадалық есептер» жинағы (2012жыл), 10-11 сыныптар үшін «Эксперименталдық есептер» жинағы (2013жыл), 2011жылы 5-сыныпқа арналған «Ғажайып эксперименттер әлемінде» арнайы курс бағдарламасы (2013жыл), 2013 жылы 7 және 11 сыныптар үшін «Физика пәнінен практикалық жұмыстар» жинағын (2013жыл) құрастырған. Шәкірт жетістігі 2010 жылы 10 сынып оқушысы Камелбай Мұрат Ақсу қаласында өткен интеллектуалдық турнирде III орын иеленді 2011жылы 10 сынып оқушылары Жетпісова Рысжан мен Жансеитова Қымбат республикалық «Ақ бота» сайысында ІІ орын иеленді 2012 жылы Сләмқұл Алмаз және Каппасова Құралай «Зерде» атты облыстық зерттеу жұмыстары мен жобалары сайысында, «Сәтбаев оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясында жүлделі орынға ие болды 2012 жылы Мәскеу облысы Протвино қаласында өткен «Физика» бағыты бойынша 11 сынып оқушысы Каиржан Рүстем «Компьютерлік физика - 2012» халықаралық турнирінде І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2013 жылы Байқоңыр қаласында өткен Каиркеш Нұрлыбек «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық жобалар сайысына қатысқан 2012 жылы Слямкул Алмас, Шукубай Инара және Сабитов Әділжан – ҚР Кіші ғылым академиясының академигі Ш.Шөкиннің 100-жылдығына арналған «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты ХХХVІІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жеңімпаздары атанды.

  • 9 материалов
Мектеп жүйесінің даму бағдарламасы 2012-2017жж

Директору, завучу
Презентации 09.12.2014 Просмотров: 2961 Комментариев: 0

Бағдарламаның қысқаша аңдатпасы: Honey Bee Network Индия жoбacы негізге алынған бұл жұмыс бapлығы үшiн aқпapaтпeн жәнe бiлiммeн бөлicугe нeгiздeлгeн, мәceлeң, apa гүлдeн нәp жинaғaн cияқты. Гүл өзiнiң нәpiн бepce дe, бұдaн eш кeмiп қaлмaйды. Honey Bee Network Индия жoбacы жaңaлықтapмeн өзapa бөлiceтiн aдaмдapдың өмipiн бaйыту, тәжipибeдe өз бiлiмдepiн тиiмдi қoлдaнуғa көмeктecce, мектебімізде ресурстық орталық ашылып, мұғалімдеріміз ауданның, облыстың мұғалімдерімен желілік қауымдастық құрып,...

11 сынып. Ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Математика
Рабочие программы 19.11.2014 Просмотров: 382 Комментариев: 0

2014-2015 оқу жылында ресурс орталығының сессиясы кезінде өткізілген ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: Анықталған интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы. Сабақтың мақсаты: Анықталған интегралды есептеу үшін Ньютон-Лейбниц формуласын қолдану. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: топтастыру, ой қозғау, топпен жұмыс, миға шабуыл, диалогты оқыту, сергіту сәті, екі жұлдыз бір тілек, өзін-өзі бағалау парақшалары. Сабақта пайдаланылған тапсырмалар: постер жасау, топқа бөлу, сұраққа-...

10сынып. Ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Математика
Рабочие программы 19.11.2014 Просмотров: 531 Комментариев: 0

2014-2015 оқу жылында ресурс орталығының кезекті сессиясында "Функцияны зерттеу және оның графигін салу" тақырыбына өткізілген ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары. Сабақтың мақсаты: Функцияны зерттеу алгоритмін пайдаланып, есептер шығару, графигін түрлендірулер арқылы салу. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Топтастыру, ой қозғау, топпен жұмыс.Миға шабуыл, сұрақ-жауап, диалогты оқыту, екі жұлдыз бір тілек, өзін-өзі бағалау парақшалары. Сабақта берілген тапсырмалар: Постер жасау, топқа

Физика және астрономиядан презентация "Қозғалыс" тақырыбына. 7 сынып

Физика
Презентации 19.11.2014 Просмотров: 1276 Комментариев: 0

7 сынып физика және астрономия курсы бойынша ашық сабаққа қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс.Мақсаты: * қисықсызықтықозғалысерекшеліктеріментанысу, * шеңбербойыменқозғалысерекшеліктерінқарастыру, * сызықтықжәнебұрыштықжылдамдықтар, период жәнежиілікұғымдарыментанысу, * шамалардыңарасындағыбайланыстыанықтау. Ұсынылып отырған сабақтың презентациясын құруда келесі нормативтік құжаттар негізге алынды:1. ҚР Үкіметінің "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемл

Физика пәнінен практикалық жұмыстар 11сынып

Физика
Другие методич. материалы 19.11.2014 Просмотров: 6409 Комментариев: 0

Физика-эксперименталдық ғылым. Сондықтан мектеп бағдарламасы материалды теориялық оқуды ғана емес, сонымен қатар зертханалық, практикалық жұмыстардың істелуін де қарастырады. Зертханалық және практикалық жұмыстар физикалық шамаларды өлшеуге, физикалық тәжірибелерді орындауға, өздерінің бақылауларынан дұрыс қорытынды жасауға үйретеді. Зертханалық практикумдарда оқушылар алдын-ала теориялық дайындықпен келуі, олардың эксперименттік қондырғылармен саналы түрде жұмыс істеуін және олардың пәнді те...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх