Тоғызқұмалақ һәм абақ
Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған. Ендеше, бұл бөлімнен осы өнерімізді дамытуға бағытталған материалдар табуға болады. Бұл ойынға тосырқамай қараңыз, Ойлауменен толығады санаңыз. Өзіңді - өзің қазақпын деп санама, Бұл өнерді үйренбесе балаңыз.
Бұл жерде 2013 жылы тоғызқұмалақ қауымдастығы бекіткен тоғызқұмалақтың қағидасы, ережесі, мақсаты, ұстанымы, тәлім-тәрбиесі жазылған.
Бұл жерде 7-сынып оқушысы Мелсов Нұрболаттың республикалық "Зерде" конкурсына ұсынған ғылыми жұмысы ұсынылып отыр. Бұл жұмыстан тоғызқұмалақты абақ орнына пайдалануға болатынына дәйекті пікір ала аласыздар.
Әр тоғызқұмалақшының ойындарын жазып жүретін дәптері болуы керек. Бұл өз ойындарын талдау арқылы, ойыншының дамуына көмек көрсетеді. Бұл жерде сондай дәптердің бір үлгісі берілген.
Тоғызқұмалақшының дамуына шебер ойыншылардың партияларын талдау ерекше көмек көрсететіні анық. Бұл жерде республикалық чемпионаттың үздік партиялары топтастырылған. Талдап көріңіздер.

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.