Инфоурок / Сайты учителей / Табинаева Феруза Ниетуллакызы

Табинаева Феруза Ниетуллакызы

  • Васпитатель
  • Детский сад мини центр "Балбобек"
  • Казахстан
  • 15.07.1992

Категории по интересам:

АТА-АНАЛАР, СІЗДЕРГЕ! Балабақшаға дайындық Балабақшаға берерден шамамен бір ай бұрын сәбиіңізді балабақшамен таныстырыңыз. Жай ғана балабақша аумағында серуендеуге барыңыздар, сонда ол балабақша ғимаратының әсемдігіне тамсанып, ол жаққа тағы да баруға ынтасы оянады. Балабақша – баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы, себебі енді анасы тәулігіне 24 сағат бойы қасында болмайды және мұнда оны күткен өзі құралпылас балалардан, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар. Балабақшаға бейімделу кезеңі әр балада әр алуан сипатта өтеді. Қалай болғанда да, ата-анасынан 6-8 сағатқа ажыраудың өзі балаға ғана қиын емес, оның анасы үшін де күйзелісті жағдай. Тәрбиешілер қаншалықты қамқор болса да, олардың ешқайсысы ана махаббаты мен оның айрықша ықыласына бөлендіре алмайды, себебі тәрбиешілер «екінші ата-ана» әрі орта есеппен 15-25 балаға ортақ. Кез келген ана мұны жақсы түсінеді, әйтсе де баланы өмір бойы жаныңда ұстау мүмкін емес, өйткені ол өмірдің жаңа сатыларымен танысып, жаңа дағдылар, өмірлік тәжірибе жинақтауы тиіс. Балабақшаға бейімделу кезеңі бала мен анаға аса ауыр тимеуі үшін, баланың да, оның ата-анасының да балабақшаны ұнатуына көмектесетін қарапайым ережелерді басшылыққа алған жөн. Ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңес. • Балабақшаға берерден шамамен бір ай бұрын сәбиіңізді балабақшамен таныстырыңыз. Жай ғана балабақша аумағында серуендеуге барыңыздар, сонда ол балабақша ғимаратының әсемдігіне тамсанып, онда қайта-қайта баруға ынтасы оянады, мұндайда алғашқы ресми күн де ол үшін мереке іспеттес болмақ. • Бала жаңаша күн тәртібінен биологиялық тұрғыда қолайсыздық сезінбеуі үшін, бір ай бұрын оны ақырындап балабақшада болатын жаңа тәртіпке үйрете беріңіз. Бұл тамақтануға да қатысты. • Баланың ұжымға жылдам сіңісуі үшін, оның қарым-қатынас жасауға бейімділікті дамытуына көмектесіңіз, ал бұл балалармен, сондай-ақ ересектермен араласу барысында ғана мүмкін болмақ. Реті келсе, балабақшаға бармай тұрып, болашақ топтастарымен және олардың ата-аналарымен танысқандарыңыз тіптен құптарлық жайт. • Баланы міндетті түрде дербестікке дағдыландырыңыз, өз жасының деңгейінде өз-өзіне қарай алатын болсын. • Балаға балабақшаның не үшін керек екенін, сәбилердің онда не үшін баратынын әңгімелеп беріңіз. Әкесі мен анасының жұмысқа, ал балалардың балабақшаға баратынын түсіндіріңіз. • Анда-санда баламен бірге балабақша маңынан өтуге тырысыңыз, және оған дәл осы балабақшаға баратындарыңыздың қандай жақсы болғанын қуана ескертіңіз. Тобының қандай әсем болатынын, ондағы ойыншықтардың қандай сүйкімді екенін, оның балалармен ойнайтынын айтыңыз. • Осы қуанышты жаңалықты баланың көзінше достарыңызбен және жақындарыңызбен бөлісіңіз. Сәбиіңіздің балабақшаға қабылданғанына қуанып тұрғаныңызды айтыңыз. Сөйтіп, балабақшамен тезірек танысуға баланың өз құлшынысы артатындай етіп, оны жағымды арнаға бағыттаңыз. • Балаға ондағы күн тәртібінің қандай болатынын, олардың немен айналысатынын айтыңыз, себебі бала жұмбақ жағдайларға аттанбауы тиіс және өзін не күтіп тұрғанын білуі керек. • Баланың көзінше ешқашан балабақша туралы жағымсыз пікір айтпаңыз, және, ең бастысы, оны балабақшамен қорқытпаңыз. («тамағыңды ішпесең, балабақшаға жіберемін»; «мейлі, балабақшада сені тамақ жеуге жақсылап тұрып үйретеді» деген секілді). • Баланы бастапқыда балабақшаға бірнеше сағатқа әкеліңіз де, кейіннен біртіндеп толық күнге жеткізіңіз. Мұндай біртіндеушілік қағидасы сәби үшін де, оның анасы үшін де анағұрлым жайлы болмақ. • Баланы балабақшадан алып қайтарда міндетті түрде олардың немен айналысқанын, қандай тамақ ішкендерін сұраңыз, жетістіктері үшін мақтауды да ұмытпаңыз. Бала ата-анасы қасында болмаса да, оларға өз өмірінің қызықты екенін білуі тиіс. • Баланы таңертең балабақшаға әкелген кезде жылдам қоштасып үйреніңіз, бұл істі көпке созбаған жөн, әйтпеген жағдайда бала сіздің абыржығаныңызды сезіп қояды да, сізден айырылғысы келмей қалады. • Әрдайым қасында екеніңізді және мейлінше жақсы көретініңізді бала қашықта жүрсе де сезінуі үшін, оның қалтасына шағын ғана естелік зат салып беріңіз, бұл оның көңіліне медеу болады. • Еш уақытта балаға көрінбей қашып кетуші болмаңыз, өйтетін болсаңыз, ол сізге сенбейтін болады. Қоштасудың өздеріңізге тән әдісін ойлап табыңыздар: беттен сүю немесе мұрындарыңыздың ұшын түйістіру секілді. • Балабақшаға баруы үшін баланы ешқашан да ойыншықтармен «сатып алуға» тырыспаңыз. Өйтетін болсаңыз, тағы да балабақша туралы жағымсыз пікірін қалыптастырасыз. • Балаңыз байбалам салған уақытта ешқашан оның ырқына жығылушы болмаңыз. Қайткен жағдайда да балабақшаға баратынын ұқтырыңыз, әйтпесе келесі жолы оның еркеліктерін көтеру сіз үшін қиынға соғатын болады. • Әрине, әрбір бала өз алдына бір әлем, олардың әрқайсысының ыңғайын таба білу керек, алайда тек сүйіспеншілік, шыдамдылық және парасатты оң ықылас қана балабақшаға баруды сүйікті іске айналдыра алады. Ата-аналарға кеңес БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАНЫҢ КИІМІ 1.Бала балабақшаға таза киіммен келеді. 2.Топта баланың ауыстыратын аяқ киімі болу керек (еденде із қалдыратын қара табанды аяқ киімдер кигізбеуге тырысу қажет) 3.Балабақшада баланың киімдерін сақтайтын арнайы орын бар, оны ата-анасы ретке келтіріп отырады. 4.Балабақшада әрбір балада өзінің жеке тарағы және таза қол орамалы болуы тиіс. 5.Дене шынықтыруға қатысу үшін баланың арнайы дене шынықтыру киімі болуы керек, ол топ тәрбиешісі және басқа ата-аналармен келісіледі. Даладағы дене шынықтыру сабағы үшін бөлек арнайы киімдер болуы керек. 6.Далада серуенге шығу үшін баланың белсенді қозғалысына кедергі болмайтын киімдер болуы керек және ол тез кептіруге болатын, кір көтеретін болғаны жөн. 7.Балалардың киіміне ата-ананың қалауы бойынша жоғалып кетпеуі үшін немесе басқа балалардың киімімен ауысып кетпеуі үшін белгілер қоюға болады. 8.Киім мен аяқ киім ауа райына сәйкес болуы тиіс. 9.Қыста және ылғалды ауа райында баланың қосымша құрғақ қолғабы мен киімдері болғаны дұрыс. 10.Баланың киім салғышында міндетті түрде ауыстыру үшін қосымша құрғақ киімдер жинағы болуы тиіс. Балабақшаның жұмыс уақыты: 07.00 – 19.00 1. Баланы топтың күн тәртібіне сәйкес алып келіп, алып кету керек – баланың тамақтану, ұйықтау және оқу үрдістеріне құқығын бұзбаңыз. 2. Таңғы қабылдау — бұл баланы тәрбиешіге тікелей тапсыру және оның хал-жағдайы туралы қысқаша мәлімет беру. Тәрбиеші 08.00-ге дейін топтағы бала санын табелге белгілейді. 3. Топ өмірін ұйымдастыру жөніндегі ақпарат стендке ілінген. 4. Әрбір топ жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспары негізінде бала жасына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жасайды. 5. Өз балаңызды жақсы көріңіз және басқа балаларды сыйлаңыз – баланың денсаулығы болмай тұрса балабақшаға алып келмеңіз (тәрбиеші баланы қабылдамауға құқығы бар). 6. Егер балабақшада бала денсаулығының нашарлағанын сезсе, онда балабақша медбикесі алғашқы көмек көрсетеді, ата-анасын шақырады, өте қажет болған жағдайда «жедел жәрдем» шақырады. 7. Бала науқастанып келмеген жағдайда немесе демалыста болған жағдайда дәрігерден анықтама алып келуі тиіс (таңертеңгі қабылдау кезінде топ тәрбиешісіне тапсыру керек). 8. Бала бір күнге қалатын болса алдын ала немесе таңертеңгілік (08.00-ге дейін) 54-59-95 телефон номеріне хабарласып ескерту керек. 9. Күнделікті серуенге 2 рет шығарылады: «қолайлы киінсеңіз жаман ауа райы жоқ» (қолайсыз ауа райы немесе басқа да жағдайларда серуендеу кейінге қалдарылады). 10. Ақыны ай сайын 15-і күнге дейін төлеп отыру керек. Мерзімді сақтаңыздар. 11. Ата-аналар балабақшаның қамқоршылық кеңесінде өз тобының өкілі арқылы оқу бағдарламасы мен балабақшаның даму жоспарына жақсарту, өзгерту немесе қосымша енгізу бойынша ұсыныс жасай алады Күн аяз болғанда ата-ананың жеті қателігі 1. Көбісі баланы жылырақ киіндіру керек деп ойлайды. Қымтап киіндіре берген бала өкінішке орай жиі ауырады. Қозғалыс өздігінен денені қыздырады, баланы «қырық қабат» киіндіру артық болады. Ағзада жылу алмасу бұзылады, нәтижесінде ол ысиды. Сол кезде болмашы желден салқын тиіп қалады. 1. Көпшіліктің ойы: жылыны сақтау үшін киім денеде тығыз тұру керек. Суықтан қорғанудың ең сенімді жолы – ауа. Төмен температурадан сақтану үшін, дене айналасында кеңістік болғаны дұрыс екен. Ол үшін жылы, бірақ мүмкіндігінше кең киім болу керек. Ал аяқ киімнің ішінде бас бармақ еркін қозғалатындай болғаны жөн. 1. Көпшіліктің ойы: егер бала тоңса ол міндетті түрде айтады. Бала терісінің астындағы майлы қабат өте аз, термореттегіш жүйесі толық қалыптаспаған. Бала әсерді тез байқамауы мүмкін. Баланы бесік-арбада немесе шанада ұзақ уақыт алып жүрмеңіз. Ол қозғалыста емес – ол аяз құшағында жатыр. 1. Көпшіліктің ойы: қыс уақытында бір сағат серуен жеткілікті. Бұл мәселеде қатаң тәртіп жоқ. Барлығы баланың шыныққандығына және дала температурасына байланысты. Қысқы уақыттағы ауа қаупі – жоғары ылғалдылық және жел. Егер серуенге шығар алдында баланы жақсылап тамақтандырса балалар суыққа шыдамды болады – көмірсу мен майға бай тамақ ерекше жылу береді. 1. Көпшіліктің ойы: егер бала тоңып қалса, онда баланы тезірек жылыту керек. Жылыту керек бірақ жедел түрде емес. Мысалы, егер баланың тоңып қалған саусақтарын батареяға қойса немесе ыстық судың астына тосса – қиын жағдайға тап боласыздар. Екі түрлі температураның жедел араласуынан дененің қатты тоңған жерлері ауруы мүмкін немесе одан да жаман, жүрек жұмысы нашарлауы мүмкін. Ең дұрысы, баланы жылы, құрғақ киіндіріңіз, жамылғы жабыңыз, жылы суға шомылдырыңыз. 1. Көпшіліктің ойы: салқын тиген бала серуенге шықпауы тиіс. Егер баланың температурасы жоғары болмаса, серуенге міндетті түрде шығу керек. Науқас баланы апта бойы пәтерде ұстап отыру үлкен қателік. Мүмкін өзіңіз байқаған да боларсыз таза ауада тыныс алуы жеңілдейді, мұрын тазаланады, терең демалуы жақсарады. Егер аздап аяз болса да кедергі емес. Баланың аузымен тыныс алмауын және терлемеуін қадағалаңыз, салқын жел тиіп қалмасын, өте көп қимылдауға жол бермеңіз. 1. Көпшіліктің ойы: баланың құлағы тоңғаны өте қиын. Балаға жеңіл-желпі салқын тигенде мұрын жолдары арқылы сұйық өзімен бірге инфекцияны бірге алып мұрыннан оңай ағып кетеді. Осының салдарынан жиі құлақ ауруы да болады, ол құлақтың тоңғанынан емес. Баланың мойынын және желке тұсын жабуға тырысыңыз – дәл осы жерлер жылуды тез жоғалтады. 3-4 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ. Ана тілінің грамматикалық жағын меңгерту күнделікті өмірде, үлкендермен сөздік қарым-қатынас жасау процесінде іске асады. Тіпті балалардың сөйлеу әрекетінде сөздің синтаксистік тұрғыда қалыптаса бастайтынын арнайы зерттеу, бақылау жұмыстары дәлелдеп отыр. 3-4 жастағы бала сөзінде жай-жайылма, құрмалас сөйлемдер жиі кездеседі. Керісінше бұл жастағы балалар морфологиялық формаларды өте баяу меңгеретіндері байқалады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыздара айтады. Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелдік жалғауларында қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға міндетті. Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту арнайы сабақ түрінде емес, тіл дамыту сабақтарында қосымша, дидактикалық ойын (сөздік ойындар), түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асады. Мысалы, зат есімдерді көптік,септік жалғауларын қосып айтуға үйретуде «Кімге не керек?», «Не жоқ?», «Кім қайдан келді?» т.б ойындар ойнату қолайлы. Сондай-ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын, басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын — артында, үстінде, қасында, ішінде деген көмекші сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әр түрлі жағдайда орналастырып баладан сұрау керек. Бала қайда? деген сұраққа жауап бере отырып, заттың кеңістікте орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар «Жасырылған затты тап», «Орнынды тап», деген ойын өткізуге болады. Мысалы, ойыншық аюды не қуыршақты жасырып сұрағанда бала Аю шкафтың үстінде, қуыршақ төсектің астында,немесе, доп столдың жанында, мысық үйдің үстінде отыр,- деп жауап береді. Сөйлемдегі орны бос сөздерді тауып сөйлем құрап айтуға үйретуде Әжемнен хат келді.Мен қайттім (қуандым).Балапан ұшып кетті деген сөздерге Қайдан? Қалай? Неге? деген сұрақтар арқылы балапанның ұшқан жерін, неге ұшып кеткен себебін айтқызған дұрыс. Суреттер көрсетіп шығармашылық әңгіме құрату. «Бақша ауласында», «Ауылға барғанда не көрдік», «Қырман басында», «Жайлауда көргендерім», «Жидек тергенде», деген тақырыптарды алуға болады. Мұндайда бақша жағдайын, ауыл шаруашылығы мен табиғатын, қолда бар құралдарды ескеру қажет. Дидактикалық ойындарда кейбір заттардың аты, ұқсастығы, сапасы, іс-әрекеті жөнінде қажетті сөздерді дәл тауып айтып, естеріне түсіріп жаттығады. Мысалы, адамдардың еңбек процесін білдіру үшін «Кім не істейді?» деген ойын ойналады. Мұндайда балалар әр мамандыққа байланысты суреттерді таңдап алып, өздері айтып береді немесе тәрбиеші айтқан сөздерге сөйлем құрайды. Бала тіліне образды сөздерді қалыптастыру үшін оқу жылының екінші жартысынан бастап арнайы лексикалық жаттығулар жүргізіледі. Ол үшін «Сипатталған затты тап» (жасыл, бұйра, түрі ақ), «Қайсысы қалай дыбыстайды», «Мына заттар туралы сипаттап айт» ойындары пайдаланылады. Балалардың сын есімдерді (салыстырмалы, күшейтпелі, шырай түрінде), сөйлеу процесінде үстеулерді қолдана білуге (жоғары – төмен, кеңірек – тарырақ, ұзын — өте ұзын, кең — өте кен ) жаттықтыру керек. «Кім көрген?», «Дәл тауып айт», «Кім саққұлақ?», «Кім жақсы айтады?» деген ойындар ойнату тиімді. Тәрбиеші өзінің іс жоспарында ойын аттарын, сөздік материалдарының тақырыптарын көрсетуі керек. Мысалы, «Бұл кім?» деген дидактикалық ойында бала әр түрлі мамандық иелері жөнінде айтуы берулері тиіс. «Менің ойлағанымды тап» деген дидактикалық ойын балалардың сөзге белсенділігін арттырып, тапқырлыққа үйретеді. Мұндайда сөйлесу тақырыбы – үй жануарлары мен жабайы аңдар, бөлмедегі, бақша алаңындағы ойыншықтар мен мүліктер, өсімдіктер, көлік түрлері жайлы болғаны жөн.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 13
  • Просмотры: 2804
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0