Танагузова Ұлбосын Аутжановна Білімім жоғары ЖенПИ фак. педагогика-психология Жалпы еңбек өтілім: 33 жыл мамандық бойынша еңбек өтілім 13 жыл Санатым: жоғары 2012 жылдан Қазахстан психологтар ассоциациясының мүшесімін. "... педагогикалық әңгіме өткізуге төселу үшін тіпті дарынды адамның өзіне де көп еңбек ету керек "-деп К.Д.Ушинский айтқандай, осы мамандықты істей жүріп күнделікті тәжірибиемнің арқасында жылдан-жылға өзімнің түсінгенім-адамға ең бірінші үміт және шыдамдылық пен төзім керектігі. Адамдардың басынан әрқилы қиындықтар мен қуаныш өтеді, олардың басынан өткенін тыңдай отырып, ақыл-кеңес беріп,қолдау көрсету керек. Сондықтан да бұл мамандықты әр адам әрқалай қабылдайды. Бұл мамандық-ерекше мамандық. Мен психолог маманын-дем беруші,бағыт көрсетуші,құтқарушы деп ойлаймын. Австриялық психолог З.Фрейд "Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу үлкен өнер" деген. Менің таңдаған мамандығым, ең алдымен адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін психология саласы. Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын.
Танагузова Ұлбосын Аутжановна Білімім жоғары ЖенПИ фак. педагогика-психология Жалпы еңбек өтілім: 33 жыл мамандық бойынша еңбек өтілім 13 жыл Санатым: жоғары 2012 жылдан Қазахстан психологтар асс...