Инфоурок Сайты учителей Ташходжаев Султанмурат Акмалович Блог ЖАНАТ ТӘЖИЕВА: “ТЕСТІЛЕУДЕН ТӨМЕН БАЛЛ ЖИНАҒАН ҰСТАЗДАР БАР”
Ташходжаев Султанмурат Акмалович
5 лет назад

ЖАНАТ ТӘЖИЕВА: “ТЕСТІЛЕУДЕН ТӨМЕН БАЛЛ ЖИНАҒАН ҰСТАЗДАР БАР”

Шымкентте ұстаздар тест тапсыруды бастады. Өйткені, олар үнемі шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттырып отыруы қажет. Онымен қоса, тестілеу қорытындысына сай мұғалімдердің білім деңгейі тексеріледі. Сөйтіп, жоғары нәтже көрсеткендер пәнаралық олимпиадаларға іріктеледі. Ал, төмен балл жинағандарға тағы бір мүмкіндік беріледі.

Бұл тестілеу ұстаздардың білім деңгейін тексеруге арналған. Нәтижесі олардың жұмысына еш әсер етпейді. Сондай-ақ, сынақ түрлі жарыстарда Шымкенттің намысын қорғау үшін, үздіктерді іріктеп алудың заманауи әдісі. Соданда болар, мұғалімдердің жүзінен қорқыныш байқалмайды. Оның үстіне әр ұстазға тек өзінің пәніне қатысты сұрақтар қойылады.

Ләззат МЫРЗАБЕКОВА, А.С.Пушки атындағы №1 мектеп гимназиясының орыс тілі пәнінің мұғалімі:

– “Мен ойлаймын. Мұндай тестілеуді жиі өткізіп тұру қажет. Себебі әрбір ұстаз бұл жерде қайталайды. Сондай-ақ қандай сұраққа қалай жауап беру керектігін біліп жүруі керек”.

Балаға білгенін үйрететін ұстаздардың басым көпшілігі жоғары нәтижеге қол жеткізіп, білімін дәлелдеп жатыр. Бірақ, арасында төмен балл жинап, ұятқа қалғандарда кездеседі. Ондайларға тестті қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Егер екінші рет мықтылығын көрсете алмаса, орнын босатуы тиіс,-дейді Жанат Тәжиева.

Жанат ТӘЖИЕВА, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы:

– “Өте төмен балл жинаған ұстаздар өздері ұялып кетеді,- деп ойлаймын. Егер білімін жетілдіре алмаса. Жасыратыны жоқ кейбір жоғарғы оқу орнын бітіріп келген ұстаздар кездесіп жатады. Кешегі қорытындыны қарасақ, арасында ең төмен нәтиже көрсеткендер бар”. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 14 мың ұстаз бар. Оқушылардың демалысқа кеткенін пайдаланып білім бөлімі олардың барлығын тестілеуден өткізіп алмақ.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.