Инфоурок / Сайты учителей / Теңелова Дәмеш Кемелбайқызы

Теңелова Дәмеш Кемелбайқызы

  • учительница начальных классов
  • №40 жалпы білім беретін орта мектеп
  • Казахстан
  • 20.07.1993

Категории по интересам:

Биіктік. Тереңдік. Осы бір ұғымдар ұстаз сөзімен тығыз байланысты. Көкейде «неге?» деген сауал туған болар? Оған берер жауабым төмендегідей. Мұғалім – мұхит тұңғиығындай терең білімді адам. Оның білігі мен білімі тайызда емес, тереңде. Тереңдік ұғымының ұстаз сөзіне тән болу сыры осында жатыр. Ал енді биіктік турасында сөз етсем, Ана да, дана да, ақын да, хакім де – бәрі-бәрі сол ұстаздан тәлім алады. Сондықтан ұстаздық – бар мамандықтан биік. Осыдан келіп, биіктік ұғымының ұстаз сөзіне тән екенін көруге болады. Бұлақ көрсе, көзін ашып, бала жанының бағбанына айналған ұлағатты жандар турасында айтқанымды қуаттай түсу үшін көреген ойлы батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының мына бір сөзін тіліме тиек етпекпін. "Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”. Бұл – бұлтартпас ақиқат.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 5
  • Просмотры: 1334
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0