Инфоурок / Сайты учителей / Темирбекова Гулжан Накипбековна

Темирбекова Гулжан Накипбековна

  • учитель математики
  • средняя школа №25 имени Г.Титова
  • Казахстан
  • 12.07.1987

Категории по интересам:

Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Ғаламтор деп санар едім. Осынау жылдар ішінде біз ғаламтордан көптеген мағлұматтар алдық. Бұл ғаламторды ашқан ғалымдар да ел тарихында елеулі із қалдырған ірі тұлғалар болды. Ғаламтордың пайдасы мен зиянын зерттеу, білу, оны өзімізге болашақ жастарға өнеге ету, осы еңбектің, яғни зерттеу жұмысының басты мақсаты деп білемін. Кіріспе Олай болса, біз ғаламторға қаншалықты терең үңілсек, қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – ғаламтордан пайдалы ақпараттарды алу, оны өмірде қолдану. Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды. Өз мүмкіншілігінде ғаламтор философиялық дисциплина және философияның ғылыми жұмыстарын зерттейді. Маған ұсынылған желілік ресурстардың анықталған формасының мүмкіндіктері бір бірімен байланысты. Олардың орталығы ғылыми ресми немесе бейресми сайттары ғылыми және оқыту ұйымдарды болып табылады. 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырып, космостық кеңістікте бірқатар алға шыққан болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-да біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру ісі Лос-Анджелестегі Калифорния университеті, Стэнфорд зерттеу орталығы, Юта штатының университеті және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университеттеріне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әр түрлі ғылым саласындағы зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады. ARPANET желісінің алғашқы сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Сервер ретінде орнатылған «Honeywell 516» компьютерінің оперативті жад көлемі небәрі 12 КБ болатын.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 4
  • Просмотры: 6101
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0