Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
12 дней назад

Тилагенов Абдували Таирович

Вожатый

Казахстан №56СШ.имена Ю.А.Гагарина

Материалов: 5 Просмотров: 1223 Комментарии автора: 1 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: География
Инфоурок / Сайты учителей / Тилагенов Абдували Таирович

Қазақ халқы əуелден-ақ бала тəрбиесіне айрықша мəн беріп, оны ата-ананың, қоғамның борышы санаған. Өйткені, бала – болашақ иесі. Сол себепті келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік əрдайым қатал сын саналған. Баланы өсіру ,оны азамат етіп тəрбиелеу – елдік мəселе. Бала тəрбиесі жөнінде Абай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тəрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Əсіресе, олардың қай-сысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», – деп осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен. Жан-жақты дамыған азаматты тəрбиелеу – бүгінгі күннің басты мақсаты. Балалар қозғалысы – балалар мен жасөспірімдердің қоғамдағы рөлін, құқықтары мен мүдделерін қорғауға, өз орнын табуға қол ұшын созатын фактор. Бұл балалар ұйымдарының қай кезеңді алсақ та өзекті мəселесі бола бермек.Себебі, балаға бөлінетін көңіл, бала тəрбиесін аударылатын назар қай адамзат баласын алаңдатары хақ. Шығыстың ұлы ойшылы əл-Фарабидің: «Адамға ең алдымен білім емес, тəрбие беру керек. Тəрбиесіз берілген білім адамның дұшпаны», – деген сөзі бар. Əдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала əр нəрсеге құмар, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды ерекше сезініп, əсер алады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тəрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата - анасы міндетті. Отбасынан басталатын тəрбиенің мектепте жалғасуы айғақ. Ал мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудан бөлек, балалар мен жасөспірімдер ұйымдары қызметі жүзеге асуда. Ұстаздардан мол білімді алуға тырысатын оқушы қауымы біз айтқан ұйымдардың арқасында мүлдем мектептен тыс дүниеге қол жеткізеді. Ол сол ұйымның мүшесі бола тұра,алдымен өзін тəрбиелеп, одан соң айналасындағыларға көмек беруге дағдыланады. Қандайда бір мақсатты місе тұтқан ұйымның негізгі принциптерін негізге алып, ол сол көрсетілген бағыттар бойынша өзіне қажетті деген арнаға бұрыла бастайды. Қоғамдық өмірдегі қызықтармен қақтығыса жүріп, жат қылықтардан бойын аулақ ұстайды. Осы ретте нашақорлықтан бойын аулақ ұстап, түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарына бару ды тоқтатып, білімге, ғылымға, өнерге, шығармашылық өрлеуге үлес қосатын жастардың көбейіп келе жатқандығы қуантуда. Балалар ұйымының ұстанымдарын өн бойына өрбіткен, сол мəдени ортаны игерген азамат – бүгінгі жас, ертеңгі ел тізгінінің иесі. Ол өз тарапынан мемлекетпен қоғамның дамуына өзінің сүбелі үлесін қосады. Елбасымыз Н. Ə. Назарбаевтың «Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай жəне оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастар уақыты» деген ұлағатты сөзін негізге ала отырып, қашан да жастар қоғамдық өмірде де, саясатта да, өнерде де болашақ игі істердің жалғастырушысы болып қала бермек. Бүгінгі таңда жастардың жадындағы түйткілдерінің түйінін тарқататын жастар ұйымдары құрылып, өз жұмыстарын жандандыруда. Мұндай маңызды ұйымның бірегейі – республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы. Аталған ұйым Елбасы Н. Ə. Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылы Ел ордамыздың туған күніне орай 6 шілдеде құрылған болатын. «Жас Ұлан» ұйымы – игілікті істердің жалға ушысы. Бұл ұйым балаларға жаңа ой əкеліп, өзекті мəселелерді қозғап ,жаңа серпін беруде . Осы уақытқа дейін балалар əлемінде талай ілкімді шаралар атқарған «жас ұландықтар» талай жетістіктерге жетті. Қай заманда да ұлылығымен ерекшеленген қазақ халқы бəйгеден оза шауып, жүй-ріктердің қатарынан көрінетін. Тарихи дəстүрді жалғаған «жас ұландықтар» да үнемі жеңіс тұғырынан көріне білді. Өткеннен сабақ алып, болашаққа батыл қадам жасаған «жас ұландықтар» оқу да озат , өнерде алда болумен қатар аға буын өкілдерінің арасында алтын көпір орнатып ,ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда. Болашақта біз тəуелсіз мемлекетімізді алып елдің қатарына қосып, Ел Президенті айтқандай, Мəңгілік Қазақ елінің тізгінін ұстаймыз.

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх