Инфоурок / Сайты учителей / Тлеубердина Айзада Талгатовна

Тлеубердина Айзада Талгатовна

  • учитель
  • Актуйесайская средняя школа
  • Казахстан
  • 05.05.1990

Категории по интересам:

Мен, Тлеубердина Айзада Талғатқызы 1990 жылы, 5-мамырда дүниеге келдім. 2005-2009 жылдар аралығында Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогика колледжінің ағылшын тілі факультетін аяқтадым. 2009-2012 жылдар аралығында Көкшетау қаласының Шоқан Уалиханов атындағы мемлекттік университеттің ағылшын тілі факультетін аяқтадым.Білімім жоғары, еңбек өтілім 5 жыл.Әр түрлі мектепішілік сайыстарға, аудандық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Мысалы, 2010 жылы аудандық «Тілдарын-2010» байқауына қатысып, белсенді қатысқаны үшін, 2011 жылы «Тілдарын-2011» байқауында жүлделі ІІ орынға ие болдым, сол жылы «Биле, биле» сайысына қатысып, ІІ орынды иелендім, 2012 жылы ІІ санатқа ие болдым. Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін, мақал-мәтелдерді пайдалануға, интерактивті тақтаны қолданып, әр-түрлі жаңа технологияларды өз сабағымда қолданып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға тырысамын. Оқыту процесінің әр-түрлі сатысында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей отырып, оқушының жас ерекшелігіне қарай әр-түрлі формада қолданылады. Ойлау процесіне миына көп салмақ түсіруден, сабақты бірыңғай, бірсарынды жүргізуден, жазба жұмыстарын мөлшерден тыс жиі жүргізуден, нашар оқитын оқушыларға көбірек көңіл бөліп, сабақты созып жіберуден. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге, дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді деп ойлаймын: алфавитті дұрыс меңгеруге, орфографияны дұрыс оқуға, дұрыс оқу дағдысын қалыптастыруға, лексиканы меңгеруге, оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, білу дағдыларын қалыптастыру.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 5
  • Просмотры: 2667
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0