Құтманбаева Дария Хасенқызы Жамбыл облысы Қордай ауданы №49 Бел негізгі мектебінің география тарих пәнінің мұғалімі 2013 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін бітірдім. Қазіргі кезде жоғарыда көрсетілген мекен жайда қызмет етемін.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Қазақстан Республикасының қорықтары, ұлттық саябақтары мен табиғат ескерткіштері туралы жалпы мағлұмат бере отырып, олардың ерекшелігі, маңызы туралы экологиялық білім беру;
2. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық білімін, ой – өрісін арттыру, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, өсімдіктері мен жануарларын қорғауға, өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, үлестірмелер, бағалау парақшалары, слайдтар.