Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

Tokbayeva Aynur Eleubaykyzy

uchitel

Казахстан NIS TARAZ

Материалов: 5 Просмотров: 3068 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Иностранный язык
Инфоурок / Сайты учителей / Tokbayeva Aynur Eleubaykyzy

Мен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Рожков (Біржан) ауылында дүниеге келдім. Кішкентайымнан әдебиетке құмар болып өстім.Оның үстіне, анамның ауылда газет-журналдарды таратушы болып еңбек еткендігі де әдебиетті оқуға, газет-журналдардағы әңгімелерді оқуға деген ынтамды арттырды. "Жалын", "Жұлдыз" журналдарын, "Дружные ребята" газетін қызығып оқитынмын. Мектепте ең алғаш "Көркемтай" әңгімесін Ғалия апайымыз оқып бергенде, көзімдегі жасты тыя алмадым. Кейіннен Қарымсақова Риза, Әбдікенова Қарлығаш апайларымыз менің әдебиетке құшатралығымды оятты: талай сындарда байқауға қосты, қаламымды ұштады. Тағы бір айта кеткім келгені: орыс әдебиетінен Өкісханова Ғалия деген мұғалім апайымыз орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларына қызықтырды. Әрі анам да менің орыс классиктерін оқуыма көп мән берді. Осы кезден бастап менің жалпы әдебиет атаулыға - көркем шығармаларды оқуға деген ынтам артты. Мен институтта оқып жүргенде әдебиеттің майталмандарымен танысуыма Руда Зайкенова апайымыз себепкер болды. Алматыда №147 мектеп-гимназияда ең алғаш мұғалімдік қызметімді бастағанда, Оразалиева Раушан Дүйсебейқызының "мектебінен" өттім. Жас мамандарды шынымен шынықтыратын ұстаз бола білді. Осы мектептегі алғашқы завучтар - Ажикова Күләш Қалаубайқызы мен Фатима апайлар нағыз жанашыр қамқор жандар болды. Аоғашқы тәлімгерлерім - Оспанова Айтжан мен Амантаева Ғалия да қазақ тілі мен әдебиетті оқытудан білгендерін аяған емес. "Қыздар, ең бірінші күн - өте маңызды. Оқушы бірінші күні сізді қалай қабылдайды - өмір бойы солай қабылдап өтеді" - деген Ғалия апайдың сөзі әлі де көкейімде. Кейіннен ғылым жолын қуып, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясына келгенде, Даулеталиева Роза Рақышқызының "мектебінен" өттім. Функционалдық сауаттылық дегенді сол кісі үйретті. Отбасы жағдайымен Тараз қаласына көшіп келгенімізде, Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп-интернатына жұмысқа оңай қабылдандым: мектеп директоры А.Садықова білім мен іскерлікті бірінші орынға қойған шынымен де дарынды адам екен. Бұл мектепте мен Дусупова Жанылсын Мұқанқызының "мектебінен" өттім. Мектептегі басқару жүйесінің қыр-сырына осы жерде қанықтым. Орысша-қазақша аударма, функционалдық сауаттылық дегеннің бәрі осы кезде қажет болды. Жақсы нәтижелерге жеттім. Табысты болдым. Осы табысқа жетуіме әріптестерім П.Озықбаеваның, М.Баймолдинаның, Ш.Алтаеваның көп көмектері тиді. Менің түсінгенім: мұғалімдік қызметке кез келген адам оңай келе бермейді. Егер адамда ынта мен алға құлшыныс болса, үйренуге құштар болса, алмайтын қамалы, аспайтын асуы жоқ.

  • 5 материалов
Мектепте оқушылардың әдеби клубын құру

Другое
Другие методич. материалы 05.01.2015 Комментариев: 0

Айжарық әдеби клубы Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу Девизі: Мен жанбасам лапылдап... (М.Жұмабаев) 1-кездесу. Отырыс. Белгілі ақынмен кездесу 2- кездесу. М.Мақатаевтың туған күніне арналған кеш/ мүшайра Әр аптаның дүйсенбісінде 1-сабақтан соң терме тыңдалады. Әр аптаның жұмасында жұмадағы кездесу өтеді. Клубтың даму бағыты: 1-бағыт. Ақын-жазушылармен кездесу - А.Жанғазы, А.Иманбекова / оқушы 2- бағыт. Шығармашылық лабораториялардың жұмысы (...

МҰҒАЛІМНІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУЫ - ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ӨРКЕНДЕУІ

Другое
Другие методич. материалы 14.11.2014 Просмотров: 998 Комментариев: 0

Қазіргі қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік өзгерістер білім беруді дамытуға жаңаша көзқараспен қарауды, педагогикалық ғылым әдістемелері мен парадигмасын өзгертуді талап етеді. Осындай өзгерген әдістерді мектеп өміріне енгізетін де, мектепті жақсартатын да негізгі тетік қабілетті мұғалім. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, мұғалім болашақтың баласын да, данасын да, ғылымын да өсіреді . Сондықтан, қазіргі қоғам болашағының данасын өсіру үшін мұғалімнің өзі де дәстүрлі сабақ беру әдістерін...

ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ

Другое
Другие методич. материалы 14.11.2014 Просмотров: 1005 Комментариев: 0

2012-2013 оқу жылындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өткен 9-сыпыптар мен 11-сыныптардың жазған эссесін тереңінен талдау барысы көп жайттарды анықтап берді. Кей оқушылардың шығарма мен эссені ажырата алмайтыны негізгі мәселелелердің бірі. Соның ішінде Ендігі жерде қандай қателіктерді жібермеуіміз керек? деген сұрақтың туындауы да орынды. 2014 жылдың қаңтар айында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің эксперт мұғалімі Қ.Бешімбаева өткізген Эссе білім алушының тілдік, метатан...

Зияткер тұлға - кемелденген адам

Другое
Другие методич. материалы 14.11.2014 Просмотров: 574 Комментариев: 0

2013 жылдың желтоқсан айында қазақстандық патриотизмді насихаттау мақсатында мектебімізде өткен Бауыржан Момышұлы: Ұлттық намыс. Ар-ождан. Абырой деп аталатын Тараз Мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы Бауыржантану орталығы қызметкерлерімен кездесу барысында біз осы сұраққа өзімізше жауап тапқандай болдық. Жазушы, драматург Елен Әлімжанмен кездесу бізге көп әсер мен тың идеялар қалдырды. Біз зияткер тұлға Абай мен Бауыржан шығармаларының көзқарас үндестігінен танылатын нағыз кемел...

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАЙДЫ.

Другое
Другие методич. материалы 14.11.2014 Просмотров: 378 Комментариев: 0

Аңдатпа Мақалада кәсіби дамудың шарты ретінде мұғалімнің сабақтағы зерттеу жазбалары мен оның әріптес сыншы досының көмегі қарастырылады.Оқушыны дамытуға бағытталған жұмыс нәтижеге негізделген ең құнды жұмыс болмақ. Қазіргі дамып келе жатқан қоғамда мұғалімнің кәсіби өсуі өз тәжірибесін зерделеуінен көрінетіні айтылады. Аннотация В статье указывается, что условием профессионального развития является рефлективные записи учителя и консультативная помощь критического друга. Работа, которая напра...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх