Токтасынова Индира Аманжоловна

  • учитель
  • СШ №1 г. Текели
  • Казахстан
  • 01.01.2015

Категории по интересам:

Тоқтасынова Индира Аманжолқызы – бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі. Педагогикалық өтілі – 22 жыл. ІІІ деңгей бойынша сертификатталған Жетістіктері: Қалалық Білім бөлімінің Грамотасы, Облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында ІІІ дәрежелі диплом, Мұғалімнің жетістіктері «Дарынды балалар- Қазақстанның болашағы»және «Қазақстандағы заманауи білім беру» энциклопедиясына енгізілді. Мұғалімнің кәсіптік келбеті: Индира Аманжолқызы - өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын,өз мамандығын жетік білетін ұстаз. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етуде.Әр сабағын өмірмен тығыз байланыстырып отырады. Күнделікті сабақтарында оқушы қызығушылығын арттыру мақсатында сан түрлі педагогикалық әдіс – тәсілдерді қолдана біледі. Жаңа форматты оқыту әдістерін қолдана отырып,оқушылардың өз бетімен және шығармашылықпен жұмыс жасауына көп көңіл бөледі. Алматы облыстық білім басқармасының «Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру жолдары» жинағында «Оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіру» тақырыбында баяндамасы енгізілген. 2013 жылы Республикалық «Бастауыш мектеп» журналында «Жетім», 2014 жылы облыстық «Үздіксіз білім беру жүйесінде оқу үрдісін ұйымдастыру мен басқару» жинағында «Ақсақ киік» тақырыбындағы ашық сабақтары жарық көріп отыр. Индира Аманжолқызы – оқушыларын шығармашылыққа баулитын, шәкірт бойындағы таланты мен қиялын ұштайтын, шәкірттерін адамгершілікке, инабаттылыққа , өз Отанының нағыз азаматы болуға тәрбиелей білетін ізденімпаз ұстаз.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 1
  • Просмотры: 4855
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0