Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
8 дней назад

Токубаева Қымбат Турехановна

учитель

Казахстан Карасуская основная школа с государственным языком обучения

Материалов: 5

Просмотров: 1825

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: География История
Инфоурок / Сайты учителей / Токубаева Қымбат Турехановна

Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы география пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру (1 слаид) Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болады. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, сонымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Ол әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың, жаңа тәрбиелеудің және жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық жағынан ізденісі және өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мол болу қажет. Алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.Мұндағы мақсат –өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді,білімді оқушы тәрбиелеу. Технологияның өзіндік ерекшеліктері: -Білім стандартына сай толық нәтиже береді; -Мақсатты диагностикаға қарай ден қою және нәтижесін шынай дәл бағалауға қол жеткізеді; -Дидактикалық үрдістің тұтастығы. (2 слаид) Қай ұстаз болмасын қазіргі күн талабына сай оқытудың ең тиімді жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, оны практикада қолдана білуге таным белсенділігін арттыруға тырысатыны анық. География пәні – өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық – жер бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдіктермен жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. Сондықтан, география пәні мұғалімі болу деген сөз – кең көлемді, терең білімді, есте сақтау қабілеті күшті, мазмұн – табиғаты терең ұстаз мұғалімдерді талап етуі, әрі осыны қажет етеді. Сабақтың мазмұны, түрі және әдіс – тәсілі оқыту жүйесінде біртұтас бірімен – бірі тығыз байланысты. География пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі – мұнда оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әр түрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олардың пәнге қызығуын арттырудың бір жолы – сабақта жаңа білімді меңгертуде оқушалырдың өздерін белсенді қатыстыру. Сабақты жалықпай тыңдап көңілді отыруына, білім алуға ынталандыра түсуге жағдай жасау үшін сабақты түрлендіре, жаңа технологияларды пайдаланып өткізу қажет. Ол үшін мұғалім өз пәнін әр – түрлі әдіс – тәсілдермен өткізуге көңіл бөледі.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх