Толенияз Гулназ Избасаровна математика пәні мұғалімімін. Мен мұғалім ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім де сол жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған. Менің бойымдағы баланы жақсы көру жасандылық емес, бұл менің табиғатымнан берілген қасиет. Оқушыларға аяушылық сезіммен қараймын, әрқашан мейірімді, төзімді болуға және оларға құрметпен қарауға тырысамын. Сондықтан да болар мектептегі оқушылар мені қатты сыйлайды, жақсы көреді, айтқанымды екі етпейді, мені ренжіткілері келмейді. Әлде қашан мектеп бітіріп кеткен түлектер де көре қалса өздерінің маған деген ыстық ықыластарын білдіріп жатады. Ал, енді өзім жетекшілік ететін сынып оқушыларыммен қарым-қатынасым ол тіптен ерекше. Сынып оқушыларымның ата-аналарымен де тығыз байланыста боламын.
Толенияз Гулназ Избасаровна математика пәні мұғалімімін. Мен мұғалім ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауы...