сабактын мақсаты: Абай тұлғасы мен операдағы Абай бейнесінің ұқсастығы түсіндіру:
Сабақтың түрі: Дәстүрлі аралас сабақ..Сыныпқа оқушылар Абайдың көзімнің қарасы әнінің әуенімен кіреді.
Үй тапсырмасы сұралып, оқушыларға Абай кім? Абай , музыкасының көркемдігі неде? Қандай әндерін білеміз? Деген сұрақтар беріліп, жауап алынады.
Жана сабаққа көшу.
Бейнетаспада Абай операсы көрсетіліп тұрады.Операның авторлары,композитор А.Жұбанов пен Л.Хамиди туралы әңгімелесіп, оқушыларға сауыл қойылады:
- Қазір біз үнтаспада Абайдың ариясын тыңдаймыз. Сол тыңдаған операдағы Абай мен өмірдегі Абайдың ұқсастықтары неде? Айырмашылығы бар ма? Абай мен опередағы Абай бейнесінің өзгешілігі жоқ екенін, Абай қай кезде де халық жоқтаушысы болғанын түсіндіремін. Абайды жаңа қырынан танытк мақсатында «Май түні» күйін орындап беріп, олармен осы күй туралы пікірлесеміз. Бұл күйді Райса Сармурзин Исраилдан, ал Исраил ақының тікелей өзінен үйреніпті.
Сабақ әр қалай жалғасып, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін үйретумен жалғасады. Оған қойылған талаптар.
- ән сөзінің мағынасын ашу;
- әуендік ерекшелігіне тоқталу;
- нотамен жұмыс жасау;
- дұрыс тыныс алу, нотаны таза айтумен жұмыс жасау;
- жеке мұғалімнің орындап беруі және оқушыларға үйрету.
Осы дағдылар игерілген соң, өзім екінші дауысты, оқушыларға бірінші дауысты орындатып үйретемін.