ҚР орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандағы жаңа қоғамдық – саяси және әлеуметтік –экономикалық шарттар білім беру саласында принциптік жағынан жаңа жағдай-лар жасады. Орта білім беру жүйесінен демократикалық мемлекеттің және нарық экономикасының талаптарына жауап беретіндей етіп түпкілікті қайта құру талап етілді. ҚР дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау қажет». Осы тұжырым орта білім беру жуйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады .Бұл бағдарламаның міндеттерінің бірі-мектептерді компьютерлендіру. Бұл талап әлі толық орындалып болған жоқ. Мектептерді толық компьютерліндірілмей ақпараттандыру (информатизациялау) болмайды. 1980-ші жылдардан бастап мектеперде « Информатика және есептеуіш техникасы» пәні жүргізіліп келді. 1990-жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясы орта білім және кәсіптік білім институты ұсынған мемлекеттік стандарт бағдарламасы шықты .Жоғары оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар осы бағдарламаны түпкілікті басшылыққа алып жұмыс істегенді оңай көреді. Бірақ ол бағдарламамен толық оқыту мүмкін емес .Онда программалау түрінде аз көңіл бөлінген .Программалау тілдерін орта буында тереңдетіп оқытпақ ,оқушылардың жоғары техникалық оқу орындарында оқуы қиын болады және олимпиадаларда да жоғары нәтиже ала алмаймыз. Төл оқулықтарымыз да мазмұны жағынан ойдағыдай емес. Сондықтан мұғалімдер көп ізденіп, көп еңбек етуі қажет.
ҚР орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандағы жаңа қоғамдық – саяси және әлеуметтік –экономикалық шарттар білім беру саласында принциптік жағынан жаңа жағд...