Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
16 дней назад

Тулеуова Гульмайра Өтепқызы

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Казахстан Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі

Материалов: 1

Просмотров: 67

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Тулеуова Гульмайра Өтепқызы

Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Буын. Біздің елтаңба Жалпы мақсаты: Оқушылардың тақырыпты саналы түсініп оқуын меңгерту, шапшаң оқуға төселдіру; Буын жайлы білімдерін кеңейту. Сөздерді буынға бөлуге, буындардан сөз құрауға баулу; тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, таным белсенділігін арттыру, сауатты көркем жазуын қалыптастыра түсу. Оқыту нәтижесі: - Өлеңнің негізгі идеясын түсіне біледі; - Өлеңді мәнерлеп оқиды, тапсырмаларды орындайды; - Сөздерді буынға бөліп, буыннан сөз құрауды үйренеді; - Өз ойларын еркін жеткізуге тырысады; Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, топтық жұмыс, шығармашылық тапсырмалар, СТО стратегиялары. Қажетті құрал-жабдықтар: Оқулық, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, стикерлер, Блоб ағашы Сабақтың барысы: Психологиялық ахуал Қуан, шаттан, алақай, Қуанышты күн келді! Қайырлы таң, балақай! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Топқа бөлу Асықтар арқылы топқа бөлу Қызығушылықты ояту Мұғалім сөз әлеміндегі патшалықтан бір даулы оқиғаны айтады. Патшалықтағы буындар арасында реніш туып, олар өз патшайымына келіп шешпек болады. Шы және қу деген буындары о буынының жалғыз тұрып, буын деген атаққа ие болғанына ызаланады, оны құртуды патшайымнан сұрайды. Оларға патшайым: «О дауысты дыбыс болғандықтан, жалғыз тұрып та буын құрай алады. О буыны болмаса, сендердің барлығың жиналып ең қажетті сөздерімді құрай алмайсыңдар ғой. Сонда маған қалайша қызмет істейсіңдер?» - дейді. Патшайым буындарды бір-бірімен достасуға шақырады, ретімен тұрғызып, маңызды бір сөз құратады. Ол қандай сөз екен, балалар?! Үй тапсырмасын тексеру І топ: «Ата насихаты» мәтіні бойынша түсінгенін сұрау ІІ топ: Оқиға желісі бойынша рөлдік қойылым ІІІ топ: «Тірліктің күші-бірлікте» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Мағынаны тану - Біз қай елде тұрамыз? - ҚР рәміздерін атай аласыңдар ма? - Олай болса, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Біздің елтаңба» атты Оразақын Асқар атамыздың өлеңі Асқар Оразақын (1935 жылы туылған, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей- Қаратас ауылы) — ақын (Ақын туралы қысқаша мәлімет беріліп, "Елтаңба" туралы ертегі бейнеролик көрсетіледі) -Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы; -Оқушылардың өлеңді мұқият тыңдап, сұраққа жауап беруі; - Интерактивті тақтадан елтаңба жөнінде қысқаша әңгіме жүргізу; - Оқушылардың хормен өлеңді оқуы. Сергіту сәті Бәрi бiрдей жұмысқа, Шығатын кiм?.. (Құмырсқа) Жүгiретiн қуанып, Бала бiткен андыздап, Қандай тәттi… (Балмұздақ) Шығармашылық тапсырмалар 1 тапсырма: «Адасқан буындар» Берілген буындардан сөздер құрап, дәптерге жазу; 2 тапсырма: Суреттерден І топ 1 буынды, ІІ топ 2 буынды, ІІІ топ 3 буынды сөздерді тауып, тақтаға жазу. 3 тапсырма: «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. «Жолбарыс» сөзінен тағы басқа сөздер құрау. Ой толғаныс «Қатені тап» ойыны. Са-ба-у Кү-н Оқу-шы Сұрақ-жауап - Буын қалай жасалады? - Сөз неге бөлінеді? - Бір буынды сөз ойла - Дауыссыз дыбыс өз алдына тұрып буын бола ала ма? - Сөзде қанша буын барын қалай анықтаймыз? Үйге тапсырма «Біздің елтаңба» өлеңін түсініп,мәнерлеп оқу Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Смайликтер арқылы бағалау Кері байланыс Стикерлерді Блоб ағашындағы өзі қалаған нұсқаға жапсырады.

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

  • 1 материал

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх