Туманбаева Гульзия Альбековна Аңқаты орта мектебінде 2011 жылдан бері ағылшын тілі пәнінен сабақ беріп келеді.
Шәкірттерін жақсы оқытуға, сапалы білім беруге, шеберлігімен, білім өрісімен, мәдениеттілігімен, адамгершілігімен көрініп жүрген ұстаз.
Гульзия Альбековна – жас ұрпақты жаңаша ойлауға, өз елінің тілін, әдет-ғұрпын танып білуге зор көңіл бөліп келеді. Оқушыларға бағдарламаға сай сабақ беріп келеді. Жеткіншек санасын кеңейтіп, біліммен сусындандырған, ерінбей еңбек етіп келе жатқан мінезге бай жас ұстаз.
Гульзия Альбековна әр сабағын көрнекілікпен, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып, қызықты өткізеді. Сабақтар мен қатар сыныптан тыс шаралар өткізе отырып, оқушыларға әдемілік, әдептілік, адамгершілік қасиеттерін сіңіруге мол септігін тигізуде.
Ата-аналармен үнемі байланыста болады.
Оқушыларына сүйікті, сыйлы, ұстаз Гульзия Альбековна өзі еңбек етіп жүрген ұжым алдында кішіпейіл, қарапайым, жайлы, мінезге бай, болашағынан үміт күттіретін жас ұстаз.