Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Туребаева Гулмира Куспановна

учитель

Казахстан город Актобе, средняя школа №34

Материалов: 2 Просмотров: 1244 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Туребаева Гулмира Куспановна

Мен, Туребаева Гулмира Куспановна, Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Отбасылымын, екі балам бар. Білімім жоғары, Орал педагогикалық институтын тәмамдадым. Мамандығым - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Жоғары категориялы маман біліктілік деңгейін 2009 жылы иелендім. Еңбек өтілім - 27 жыл. Аталған уақыт мерзімінде "Мұғалім - мәртебелі мамандық" есіміне лайық болу үшін аянбай еңбек еттім деп есептеймін. Себебі біз, ұстаздар қауымы, келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің діңгегі, түп тамыры, жаны мен жүрегі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, икемділікті, мейірімділікті, ерекше шәкіртжандылықты қажет ететін де ұстаздық. Олай дейтінім, бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді. Ұстаз - үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, «білсем, үйренсем» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мәртебелі маман. Сондықтан да мен үнемі ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауға ұмтыламын. Бұл нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді деп есептеймін. Оқыта отырып тәрбиелеп, тәрбиелей отырып адамгершілігі мол, рухани бай адамды қалыптастыру - мұғалімнің негізгі мақсаты. Педагогикалық еңбек жолымда оқытудың жаңа технологиясын, оның ішінде дамыта оқыту, ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын әр сабағымда жүйелі түрде пайдаланып отырамын. Соның нәтижесінде елеулі жетістіктерге қол жеткіздім: «Тіл әлемі» арнаулы курс бағдарламасын құрастырдым, облыс көлемінде әріптестеріме ақпараттық технологияны тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін үйретіп, семинар-тренинг өткізді, облыстық педагогикалық жетістіктердің конкурс-марафоны қатысып, облыстың «Үздік мұғалімі» атандым, қазақ тілі пәні бойынша өткен облыстық педагогикалық олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломы иегері атандым, облыстық «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» байқауының ІІ дәрежелі дипломының иегері болдым, 2012, 2013 жылдары республикалық қашықтан өткен қазақ тілі пәні мұғалімдерінің олимпиадасына қатысып, сертификаттарын иелендім, Облыс және республика көлемінде өз тәжірибеммен бөлісіп, Халықаралық Веб сайтында электрондық нұсқадағы үш сабақ жоспарым жарық көрді және «Білімділер» порталының сертификатына ие болды, сондай-ақ «Ақтөбе-Ұстаз» облыстық басылымында сабақ жоспарым жарық көрді. Педагогикалық еңбек жолымда қол жеткізген табыстарым жетерлік. Сондықтан да мейірімге толы жүрегіммен болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы мұғалім бола білдім деп есептеймін.


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • 2 материала
Эссе «Мұғалім – мәртебелі мамандық»

Классному руководителю
Другие методич. материалы 15.02.2015 Просмотров: 728 Комментариев: 0

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады ,- деген болатын. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондықтан ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өз кәсібінің майталманы ғана осы мақсатқа рухани күш-жіг...

Әдеби - сазды кеш «О, поэзия! Менімен егіз бе едің?»

Математика
Конспекты 15.02.2015 Просмотров: 516 Комментариев: 0

Қазақ поэзиясының қайталанбас сөз зергері, ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі, өлең жырлары туралы мәліметтер беру, ақын туралы естеліктермен таныстыру; оқушылардың танымдық көзқарастарын дамыту; халықтың асыл ұлы Мұқағали жырлары арқылы бүгінгі жас ұрпақты поэзияны сүюге тәрбиелеу; Ақынды еске алу. Ақиық ақынның суреттері, слайдтар, бейнебаяндар, ақын шығармалары бойынша кітаптар көрмесі, интернет сайттарының кітапхана материалдары Бүгін менің туған күнім. Ой,...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх