Инфоурок / Сайты учителей / Турганалиева Гульмира Юсуповна

Турганалиева Гульмира Юсуповна

  • Математика пәні мұғалімі
  • ЖОББ Шипов меткебі
  • Казахстан
  • 01.09.1965

Категории по интересам:

Турганалиева Гульмира Юсуповна – өз ісінің шебері, тынымсыз еңбегінің арқасында мақтаулы ұжым басшысы, шәкірттерінің жүрегіне із қалдыра білген білгір педагог. Ол үнемі ізденіс үстінде жүреді,педагогикалық тәжірибені оқып-үйренуге ерінбейді, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін өз қызметінде тиімді қолданады. Өз білгенін әріптестеріне, жас мамандарға үйретуден жалықпайды. Ұстаз физика – математика пәні мұғалімі ретінде өз сабағын қызықты өткізіп қана коймай, шәкірттерінің жүрегіне жол тауып, шығармашыл тұлға қалыптастыра білген, педагогикалық технологияның қыр-сырын жете меңгерген, үнемі ізденіс үстінде жүретін білікті маман. Ұстаз оқу бағдарламасының талаптарына орай шәкірттерінің пәнді тиянақты меңгеріп, өмірде алған білімін пайдалануына баса назар аударады және «..Оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту» атты әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстанып келеді. Өз пәнін оқушының қызыға, асыға күтетін сабағына айналдырған. Оның сабақтарының ерекшелігі – жаңа материалды жан-жақты түрде, басқа пәндермен, ғылыми жаңалықтармен байланыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында өздік жұмыстарды түрлендіруі, бір-біріне жалғасып жатқан сабақтастығында. Оған куә: 5-сыныпта өткізген «Елші» (Саммиттің ашылуына байланысты, әр елдің өкілдерін таныстыра отырып, есеп шығару) , «Математикалық Азиада» сайыс –сабағы, космостың игерілуінің 50 жылдығына арналған «Жұлдызды жол», математикалық викторина, ребус құрастыру сайыс сабақтары т.б. ашық сабақтарында оқытушы білім деңгейін шығармашылық сатыға жеткізу мақсатында жаңа технологияның, (әсіресе, Шаталовтың методикасына құрылған тірек-сызбалар, плашка-дәптері, жеке тапсырмалары) алуан әдістерін (стратегияларын) іскерлікпен қолдана білді. Әр тараудан кейін оқушылар шығармашылық есептерді шағын реферат, есеп жинағы, математикалық ертегілер түрінде тапсырып отырады. Сонымен қатар, «Математикалық лото», «Математикалық домино», «Бақытты сәт» сияқты дидактикалық ойындар түрінде сыныптан тыс іс-шараларды да жиі өткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын арттырып отырады.5 сынып математикасы бойынша «Бөлшектер» тақырыбына электрондық оқулық құрастыруда. 1-10 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өткізіп, дарынды оқушылардың қатарын анықтады.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 2
  • Просмотры: 1525
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0