Тургангазина Эльмира Амангазиевна

  • учитель начальных классов
  • №59 ОМ
  • Казахстан
  • 15.01.1977

Категории по интересам:

Менің жұмыс жасайтын мектебім аралас мектеп болып есептеледі. Мен коучинг өткізбес бұрын бағдарламаның түйінді идеяларын тізбектеп коучингтің жоспарын іліп қойып едім. Кейбір мұғалімдер қызыға қашан өтетінін сұрап қатысатындарын ескертті. Қандай тақырыптарды өткізетінімді білу мақсатында әріптестерден сауалнама алдым. Алынған сауалнамаға көптеген мұғалім қатысты. Әріптестерімнің сұранысы бойынша осы тақырыпты таңдадым. Демек, бағдарламаның түйінді идеяларының ішінен бұл тақырыпты алғаным қазіргі қоғамға және мектепке керек, оқушылардың білімдерін одан әрі шыңдау таланттарын ашу мақсатында таңдағандарын құптадым. Өз әріптестеріммен бұл тақырыпта ой бөлісу маңызды деп ойладым. Мектеп қазақ, орыс тілдерінде оқытылады. Мектебімізде 450-дей оқушы бар. Коучингке бірнеше мұғалім қатысты. Математика, еңбек, ағылшын, бастауыш класс мұғалімдері қатысты. Мектепте пән мұғалімдері дарынды оқушылармен жұмыс жүргізеді. Дегенмен жетіспейтін тұстары да баршылық. Әлі де мұғалімдер дарынды оқушылар деп жақсы оқитын оқушыларды ғана алға тартып, ал талантты балалар дарынды балалар көлеңкесінде қалып қояды. Сондықтан мен дарынды және талантты балаларды оқытуға тоқталуды жөн көрдім. Тек қана мен емес, сауалнама бойынша мұғалімдердің көпшілігі осы тақырыпты көрсеткен. Мектептегі әріптестеріме талантты және дарынды балаларды оқыту өте маңызды. Себебі әр оқушының ерекшелігін табу, оның қабілетін дамыту, мұғалімге жүктеледі сондықтан осы тақырып маңызды деп таптым. Енді осы талантты және дарынды оқушылардың білімін одан әрі асырып білім сапасын көтеру маңызды деп ойладым. Коучинг өткізуді бірінші, «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» - деген қытай мақалына сүйеніп өткізуді басты қағидама ұстандым. Демек мен бұл нақылды пайдаланған себебім біздің қазіргі оқып жатқан әдіс - тәсілдеріміздің барлығы бір сөзбен айтқанда осы сөйлем жолдарына сияды. Бұл дегеніміз оқушылар өздері оқып, өздері танып, өздері өнім жасап, өз білімдерін өздері бағаласа ғана өздері түсінеді деген сөз.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 7
  • Просмотры: 1241
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 1